МАРАТ ӘЗІЛХАНОВ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІНЕ ПАТЕНТ ТАБЫС ЕТТІ

МАРАТ ӘЗІЛХАНОВ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІНЕ ПАТЕНТ ТАБЫС ЕТТІ

30 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов пен Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының достық елшісі Хулкар Хамраеваның кездесуі өтті.

    Хулкар Хамидуллаевна Хамраева Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясы "Ozbekiston" радиоарнасының аға редакторы және Өзбекстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі болып табылады.

    Х.Хамраева Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделімен танысты.

    Кездесу барысында ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Хулкар Хамраеваға Қазақстан халқы Ассамблеясы достық елшісінің патентін табыс етті.

    Ассамблеяның достық елшілері – әртүрлі елдердің халықтарын байланыстыратын халықтық дипломатия институты, және мұндай жоғары атақ халықтар арасындағы достықты нығайтуға зор үлес қосып жүрген беделді қоғам және мемлекет қайраткерлеріне беріледі.