"Омикрон" штамы әлемнің 23 елінде табылды – ДДСҰ
2021 ж. 02 желтоқсан
1335
0
Коронавирустың "омикрон" штамы әлемнің 23 елінде табылды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді, - деп хабарлады sputnik.kz.
"Бес өңірде кем дегенде 23 ел ДДСҰ-ға жаңа штамның анықталғанын хабарлады. Біз олардың саны әлі де өседі деп топшылап отырмыз", - деді ұйым басшысы брифингте.
"Омикронның" жұқпалығы туралы көбірек мәлімет алдағы күндері пайда болады, деді ДДСҰ төтенше аурулар бөлімшесі техникалық тобының басшысы Мария Ван Керкхове.
"Біз мұның қандай штамм екенін енді ғана түсініп келе жатырмыз. <...> Біздің қолымызда толық ақпарат жоқ, бірақ ол жылдамырақ тарайды деген болжам бар", - деп нақтылады ол.
Оның айтуынша, ДДСҰ пандемияның бірнеше сценарийін қарастырып жатыр. Солардың бірінде жаңа штамның "дельтаға" қарағанда жұқпалы әрі тез таралаты ескерілген, деп жазады РИА Новости.