ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ДОСТЫҚ КӨПІРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ДОСТЫҚ КӨПІРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

24 қарашада онлайн форматта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық көпірі» халықаралық жастар конференциясы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастар бастамаларын іске асыру бойынша бірлескен күш-жігерді шоғырландыру арқылы әртүрлі елдердің жастар қауымдастығы арасындағы өзара байланысты дамыту. Онлайн конференцияны Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы мен Назарбаев университеті бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараға жастар саясаты саласындағы сарапшылар, халықаралық және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, «Жаңғыру жолы» ҚХА РМД белсенділері, блогерлер, еріктілер және т.б. қатысты.

    Конференция аясында қатысушылар «Тәуелсіздік және жастар: дамудың заманауи үрдістері» және «әруалындылықтағы бірлік: интеркультурализм саясаты» атты екі негізгі тақырып бойынша сөз сөйледі.

Онлайн іс-шараны «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы, ҚХА кеңесінің мүшесі Тимур Жұмырбаев ашты. Ол конференцияның халықаралық деңгейіне ерекше назар аударды, себебі «Қазіргі уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты шетелдік жастар қозғалыстарымен, әсіресе Ресей халықтары Ассамблеясының жастарымен тығыз байланыста. Бірлескен жобалар жүзеге асырылуымен қатар, қазақстандық және ресейлік жастардың қызықты әрі заманауи идеяларын одан әрі іске асыру жоспарлануда».


    Конференция барысында «Біз-ресейліктер «Ресей халықтарының жастар Ассамблеясы» жалпыресейлік қоғамдық қозғалысының Омбы өңірлік бөлімшесінің төрағасы Ермек Хапизов сөз сөйлеп, Ресей халықтары Ассамблеясы жастарының қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Атап айтқанда, ол жыл сайын құрамында белсенділер саны артып келе жатқан аталған жастар қозғалысының ауқымды жобаларына тоқталды. «Қазіргі уақытта ХДР жанында Студент жастарды рухани-адамгершілік және мәдениетаралық тәрбиелеудің құралына айналған интернационалдық достық клубтары құрылып, белсенді жұмыс істеуде. Барлық жоғары оқу орындарында осы клубтың кафедралары ашылған. Сондай-ақ, Ресей халықтары Ассамблеясының жастар қозғалысы «Фильмдер марафоны», «Этнополис» сияқты бірқатар қызықты жобаларды жүзеге асырды», - деп сөзін аяқтады.

    Қазақстан халқы Ассамблеясы Қырғыз этномәдени бірлестігінің жастар қанаты Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Егеменді еліміздің 30 танымал тұлғалары» жастар әлеуметтік медиа жобасы да жақында жүзеге асқан ауқымды жобалардың бірі. Бұл туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Қырғыз этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі жастар қанатының жетекшісі Дариға Сатарова толық түсіндіре отырып, қатысушыларға аталған жоба туралы бейнеролик көрсетті.

«Қазақстанның тәуелсіздігіне өз үлесін қосқан, белгілі тұлғалардың есімімен аталатын елорданың 30 көшесі туралы Әлеуметтік желілерде осы адамдардың өмірі мен қызметі, көше тарихы, ондағы ғимараттар мен мекемелер туралы айтылады. Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйі студиясынан және көшелерден тікелей көрсетілімдерді Ассамблея жастары, колледж студенттері орындайды. Бүгінгі таңда жобаның тікелей қамтылуы елорданың 236 жастар өкілін құрады. Жастармен сұхбаттасу үшін студияға ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері шақырылады. Бағдарламалар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жобаға Қазақстан халқы Ассамблеясының түрлі этнос өкілдерінен құралған (қырғыздар, қарақалпақтар, ингуштар, немістер, болгарлар, өзбектердің) белсенді жастары қатысты», - деді Дариға Сатарова.

Жоба Отанымыздың тәуелсіздігіне үлес қосқандарды еске алуға, ел тарихына деген қызығушылықты арттыруға, патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған. Трансляция Facebook, Instagram, Telegram, Tik-tok әлеуметтік желілеріндегі парақшаларда жүргізіліп, әлеуметтік желілерде арнайы топтар құрылды.

Қырғыз этномәдени орталығының мәліметінше, жобаны Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ішкі саясат басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының тілдерді дамыту басқармасы және елордадағы колледждер қолдады.

«Краснодар өлкесінің жастарымен ұлтаралық өзара іс-қимылды дамыту саласындағы жұмыс тәжірибесі» атты презентациясын ұсынған тағы бір шетелдік қатысушы Сен Кирилл Ресей Федерациясы, Кубань азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығының директоры болып табылады. «Ресей мен Қазақстан көп ұлтты елдер. Егер Ресейде 190-ға жуық этнос болса, Қазақстанда 100-ден астам халық тұрады. Біздің Краснодарда көптеген этномәдени бірлестіктер бар екенін атап өткім келеді. Олардың ішінде, белсенді этномәдени орталықтардың бірі – Қазақ орталығы. Біз бірлесе отырып, тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Түрлі семинарлар, кездесулер өткіземіз. Бізде жастар интерклубтары жұмыс істейді, олардың негізгі аудиториясы 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастар. Мұндай клубтар жастар ұйымдарын дамыту бойынша үлкен жұмыстар атқаруда. Клубтың тағы бір негізгі міндеті – Медиацияны дамыту. Аталмыш клубтар әлеуметтік желілерде де белсенді жұмыс жүргізуде», - деп атап өтті Кирилл.

Өз кезегінде, ҚХА мүшесі, «Ұлан-Ғайыр Дала Елі» ҚБ төрағасы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Назарбаев Университетінің студенті Бахретдинов Уалихан ел үкіметімен бірлесе жүзеге асырылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты жаңа жобасы туралы айтып берсе, «Ағаштарға қамқор бол» экологиялық жобасы туралы Алматы қаласының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Торосян Анна таныстырды. Аталған жобаның мақсаты – қоршаған ортаға қамқорлық жасау болып табылатын айтып өтті. Қазіргі уақытта бұл қоғамдық акция 2000-ға жуық ағашты сақтап қалуға септігін тигізді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Алматы облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының төрайымы Усанова Руфина «Мен қазақша сөйлеймін» акциясына тоқтала отырып, оның нәтижесі бойынша 100 адамның 80-і мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдіргеніне баса назар аударды.

Түркістан облысындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жұмысы, сондай-ақ әлеуметтік желілерді, атап айтқанда «Тик-ток» желісін дамытудың маңыздылығы туралы Түркістан облысындағы жастар қозғалысы филиалының төрағасы, қазақ тілін жетік меңгерген Раван-Нахчивани Индира айтты.

НЗМ оқушысы, Солтүстік Қазақстан облысы «Жаңғыру жолы» ҚХА РМД мүшесі Асылжан Бегалинова Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы рөлін атап өтті. «Ассамблеяның көмегімен мен адамдарды іштей сезіне бастадым, түрлі этностардан көп достар таптым, жастардың қызықты жобаларын іске асыруға өз басым белсене атсалыса отырып, еліміздің жастарын жаңа үрдістер мен технологияларды дамытуға, оқуға және игеруге шақырғым келеді. Себебі біз, жастар – Қазақстанның болашағымыз!»,- деп сөзін аяқтады А.Бегалинова.

Конференция соңында қатысушылар аймақтардағы Ассамблеяның жастар қанатымен бірлесе жұмыстар атқару туралы келісімге келді.