Қазақстанда 15 университет жабылды

Қазақстанда 15 университет жабылды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелері қаралды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Республикалық жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов баяндама жасады.

Премьер-Министр жоғары білім беру саласын дамыту бойынша ауқымды жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Заңнамалық деңгейде университеттерге академиялық және басқарушылық дербестік берілді. Сонымен қатар мамандарды даярлау сапасын одан әрі арттырып, ЖОО-лардың студентті даярлау сапасы үшін жауапкершілік тетіктерін енгізу қажет.

Сапасыз білім берген 15 университет жабылды. Студенттердің білімін тексеру арқылы оқыту нәтижесіне қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралды.

«Түлектердің білім деңгейі нарық пен жұмыс берушілердің талаптарына сай болуы тиіс. Төртінші өнеркәсіптік революция мен жаппай цифрландыру мүлде жаңа тәсілдер мен дағдыларды талап етеді. Өмір бойы оқу қағидатын енгізген жөн», — деді А. Мамин.