ПРЕЗИДЕНТКЕ ҚАНДАСТАР АТЫНАН ҮЛКЕН АЛҒЫС!

ПРЕЗИДЕНТКЕ ҚАНДАСТАР АТЫНАН ҮЛКЕН АЛҒЫС!

ҚАСИЕТТІ АТАМЕКЕНІМІЗ ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МЫРЗА КЕШЕ ЫСТАНБҰЛ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ БАСШЫЛАРЫ ЖИНАЛЫСЫНДА ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАНДАСТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӨТЕ ЖАҚСЫ СӨЗ СӨЙЛЕДІ. 

Түркі Мемлекеттер басшыларының VIII кездесуі Ыстанбұл қаласының оңтүстік-шығысында Мәрмәр теңізінде орналасқан Демократия және Бостандық аралында өтті. Бұрында Яссыада деп аталатын бұл арал Түркияның саяси тарихында аса маңызды орынға ие. 1960 жылы Түркияда орын алған әскери төңкерістен кейін сол кездегі үкімет басшысы, марқұм Аднан Мендерес және жолдастары қазіргі Демократия және Бостандық аралында сотталып, 15 адам өлім жазасына кесіледі. Солардың ішінен Аднан Мендерес және екі министірдің өлім жазалары орындалды. 


Ал АДНАН МЕНДЕРЕС марқұм 1930-1940-1950 жылдарында байырғы атақоныстары Шығыс Түркістаннан (Шығыс Қазақ Елі) басқыншыл қытай үкіметтерінің зорлық-зомбылықтары салдарынан босып, Тибет пен Гималай тауларын асып Үндістан және Пәкістанды паналаған мыңдаған Қазақтардың 1952-ші жылы Түркияға ресми түрде қөшіріліп алынуы туралы қарар қабылдаған үкіметтің бастығы еді.


Президент Қасым Жомарт Тоқаев мырза кешегі марқұм Аднан Мендерес сотталып, өлім жазасына кесілген аралда жасаған баяндамасында сол бір кезде тағдыр тәлкегіне түскен қандастарын құшақ жая қарсы алған Аднан Мендерес марқұмға және Анадолыдағы туысқан Түрік бауырластарға ерекше түрде алғыс айтты. Бұл жағдай президенттің шынайы ұлтшыл және көрген-білгені мол білікті мемлекет басшысы екенін көрсетті. 


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның кешегі аса маңызды халықаралық кездесуде Түркиядағы қандастарын ескере отырып сөйлеген аса мағыналы сөздері Түркия мен ол жерден Еуропаға тараған қандастарын айтарлықтай үлкен қуанышқа бөледі. 

Сондықтан, тәуелсіз АТАМЕКЕНІМІЗ ҚАЗАҚСТАН мемлекетінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға Түркия және Еуропа елдеріндегі қандастары атынан шексіз алғысымды айтамын. 

МАРҚҰМ АДНАН МЕНДЕРЕС ЖӘНЕ ЖОЛДАСТАРЫНА АЛЛА ИМАН БАЙЛЫҒЫН БЕРСІН !!!

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МЫРЗА, АЛЛА ТАҒАЛА СІЗГЕ РАЗЫ БОЛСЫН !!!

ҚАЗАҚ АЛЛАНЫҢ ҚАЛАУЫМЕН МӘҢГІ АЗАТ, БІРЛІК-БЕРЕКЕСІ ЖАРАСҚАН БАҚЫТТЫ ЕЛ БОЛСЫН! 

Өмірхан АЛТЫН, 

Алмания, Мюнхен

Қазақ үні