Ресейлік нөмірі бар көліктерді тоқтатпайды - ІІМ
2021 ж. 10 қараша
1440
0
9 қарашадан бастап жол ережесін бұзбаған ресейлік нөмірі бар көліктер тоқтатылмайды. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді.
"Хабар 24" арнасының хабарлауынша, полиция қызметкерлері көлікті себепсіз тоқтатқан жағдайда "102" қызметіне немесе +7-708-382-13-76, 7172-71-69-77, 7172-67-75-75.телефондары бойынша байланыс орталықтарына хабарласуға болады.
8 қарашада ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ресейлік нөмірі бар көліктерді тексеруге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасында көліктердің қозғалысы бойынша шарттар жоқ, кеден бекеттері де жоқ. Сондықтан елден тыс көлік сатып алған қазақстандықтар оны тіркеуден өткізуі керек. Сатып алу – сату шарты бойынша көлік сатып алатын қазақстандықтар 10 күн ішінде оларды Қазақстанда тіркеуі керек. Бұл салық төлеу, техникалық байқаудан өткені туралы ақпарат алу үшін жасалады. Бірақ осындай 80 мың көліктің бір де бір иесі Қазақстан Республикасының аумағында тексеруден өтпеген.