Қымбатшылық заңсыз саудаға итермелейді

Қымбатшылық заңсыз саудаға итермелейді

Қаржылық мониторинг агенттігі жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды қаласында 350 миллион теңгеден астам сомаға шығу тегі белгісіз 670 мыңнан астам қорап темекі өнімдерін тәркіледі.

      Тергеу барысында Әзірбайжан азаматы басқа тұлғалармен бірлесіп, Қарағанды облысының аумағында «Космос», «Беломорканал», «Тройка», «Столичные» маркалы темекіні акцизсіз заңсыз сатқаны анықталды. Заңға қайшы әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 149 миллион теңге көлемінде залал келтірілді. Тергеу жалғасуда.

     Бұл шара қылмыстың салдарын жою ғана. Ал шын мәнінде бұл қылмыс неліктен орын алды деген сұрақ ешкімді алаңдатпайтын секілді. Соңғы жылда өзге тауарлар сияқты темекі өнімдері де бірнеше рет қымбаттады. Осы жағдайды пайдаланғандар сапасы белгісіз тауарларды нарыққа шығара бастады. Әрине оның бағасы дүкен сөрелеріндегілерге қарағанда әлдеқайда арзан болып келеді. Сондықтан заңсыз саудамен күрескенде қылмыстың себептеріне де көңіл аудару қажет.

Зейнолла АБАЖАН

qazaquni.kz