Республикалық студенттер байқауы өтті
2021 ж. 27 қазан
948
0

Таяуда Т.Қ. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Біз Тәуелсіз Қазақстанның жастарымыз!» атты Республикалық студенттік форум аясында бірнеше байқау өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты - студенттердің азаматтық белсенділігін мен руханилықты дамыту; жастардың шығармашылық қабілеттерін жандандыру болды. Байқау онлайн режимде өтті.
Алматы менеджмент университетінің 1 курс студенттерінің командасы барлық командалар арасында алға шығып, байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. Байқауға еліміздің 8 жоғары оқу орнынан 11 команда қатысты.
Байқау «Менің Қазақстаным» тақырыбында көркем мәнерлеп оқу; «Қазақстан Тәуелсіздігінің отыз жылдығы» викторинасы; «AtamekenStartUP: Дала рухының жаңғырығы» бизнес-жобалары; «Менің арманымның елі!» тақырыбында эссе жазу секілді 4 номинациясы бойынша өтті.
«Менің арманымның елі!» номинациясы бойынша қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды 1 курс студенті Сулейменова Аидаға берілді. «Менің Қазақстаным» тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысында студент Оразалы Бағдат 1 орын алды. Студент Арманқызы Ақбота «AtamekenStartUP: Дала рухының жаңғырығы» бизнес-жобалар байқауында екінші орынды иемденді. Арманқызы Ақботаның жобасы халқымыздың рухани және мәдени құндылықтарының көрінісін бейнелейтін әлеуметтік бағдарланған жоба ретінде екені туралы атап өтілді. Ел тарихы бойынша жақсы білімді Элтай Жібек көрсетті, ол «Қазақстан Тәуелсіздігінің отыз жылдығы» викторинасында 1 орынмен марапатталды.
Осы байқауда жеңіске жету үшін Алматы менеджмент университетінің Тілдер орталығының оқытушылары ф.ғ.к. Гүлмира Садыр мен п.ғ.м. Гүлнар Жұбанова студенттер командасын дайындады. Қазылар алқасының барлық мүшелері университет студенттерінің жақсы дайындығы мен тамаша өнер көрсетулерін атап өтті.
Студенттердің Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараларға қатысуы студенттердің бойында патриотизм мен өз еліне деген мақтаныш сезімін, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілігін тәрбиелейді, сондай-ақ студентердің өздерін көрсетуге және өз қабілеттерін толық ашуға мүмкіндік береді.
Қазақ үні