ІШКІ ІСТЕР ГЕНЕРАЛЫ ТІЛ ГЕНЕРАЛЫН ҚОЛДАДЫ (видео)
2021 ж. 27 қазан
2289
3
Павлодар облыстық Ішкі істер департаменті басшысы, полиция генерал-майоры Нұрлан Масимовтың “Тіл жанашыры” Құрмет белгісінің иегері, тіл күрескері Руза Бейсенбайтегін қабылдауы, өтінішін тыңдап, департаменттегі іс қағаздарының қазақша жүргізіліп жатқанын көрсетіп, есеп берді. Рузамен бірге Павлодардағы қайтпас, қайсар тіл күрескері Диас Күзқайыр бауырымыз бірге болды.
Бұл - Қазақ тілінің Керекудегі жеңісі!
Алла жар болсын!
Өткенде Жасұлан Иса бастаған тіл қорғандарының мемлекеттік тіл туралы және Руза Бейсенбайтегіне қысым жасалып жатқаны жайлы парламентке жолдаған хатына байланысты Бас прокурорға нақты қарекет көрсету туралы жазған едік (жауабы келгенде жариялармын.
Қалай болса да, Полиция генералының Тіл күресінің генералы Ruza Beisenbai Tegiн қабылдауы өте жақсы болыпты!
Бұл - жақсы үрдіс! Барлық облыс, қалалардың ішкі істер саласы басшылары үлгі алар іс!
Бұл - ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Мемлекеттік тіл мәселесі ұлттық қауіпсіздікпен бірдей деген тапсырмасының іс жүзіне айнала бастауы деп білеміз.
Бұл - генерал Масимовтың мемлекетшілдік қасиетін көрсеткен өнегелі ісі Павлодар облысындағы Мемлекеттік тілді - яғни Мемлекеттің заңдарын қорғағағаны үшін, Мемлекет мүддесін қорғағаны үшін тіл күрескерлеріне қысым жасау секілді масқара қарекеттерге енді тоқтау салады деп білеміз.
Генерал-майор Нұрлан Мырзаханұлы Масимовке еліміздің Тіл күрескерлері атынан да, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, “Ақ жол” партиясы фракциясы мүшесі ретінде де зор алғысымызды білдіреміз.
Алла жар болсын Алашқа!
Ақ жол!
Қазыбек ИСА,
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты
Қазақ үні