Кәрім Мәсімов қазақ тілінде кітап жазып жатыр
2021 ж. 26 қазан
1322
4
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында кітап шығаратыны туралы мәлімдеді, деп жазады Orda.kz.
ҰҚК баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, комитет төрағасы генерал-лейтенант Кәрім Мәсімовтің жалпы редакциясымен «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары. Адамдар, оқиғалар, фактілер туралы хикаялар», «Мемлекеттік шекара» кітаптары басылымға дайындалды.
Кітапта ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттің шекарасын қорғауға үлес қосқан жедел қызметкерлер мен шекарашылардың қызметі туралы баяндалады.
Басылымдарға қазіргі уақытта құпиясыз айта беруге болатын жайттар ғана енгізілген. Оның негізінде – нақты адамдар, оқиғалар мен фактілер, олар тікелей қатысушылардың эмоциясын жеткізетін қатаң деректі стильде мазмұндалған.
– Тәуелсіздіктің 30 жылдық қарсаңында, ұлттық қауіпсіздік комитеті және шекара қызметінің басшыларымен бірге еліміздің барлық өңірлері мен мемлекеттік шекараны араладық. Жұмыс сапары аясында, жедел қызметкер мен шекарашының ерең еңбегі туралы халықтың аз білетінін байқадым. Сондықтан борышын мінсіз орындап жүрген жандар туралы айтатын уақыт келді деп ойлаймын, – деді Мәсімов.