Азат Перуашев Ұлттық банк саясатын сынға алды
2021 ж. 20 қазан
1327
1
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы мақұлданды.
Талқылау барысында Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесін, екінші деңгейлі банктердің пайызын төмендету және бизнесті қолжетімді қаржыландыру қажеттілігін айтты.
«Ақ жол» фракциясының депутаттары базалық мөлшерлеменің көтерілуі Қазақстанның өз өндірісінің тиімсіз болуына, импортқа тәуелділіктің және инфляциялық процестердің ұлғаюына алып келеді деп санайды.
– Жауап ретінде бізге депозиттер иелерінің мүдделеріне қысым жасалғаны туралы мәлімдеуде. Бірақ шын мәнінде, бүгінде банктер нарықтан түскен қаражатқа емес, мемлекеттік ақшаға немесе квазимемлекеттік кәсіпорындардың қаражатына билік етеді. Және дәл пайыздардың жеткіліксіздігіне байланысты несие бойынша қарыз сомасы ақылға қонымды мөлшерден асып кетеді және кәсіпорындарды рейдерлік басып алуға әкеледі, ал отбасылар жас балаларымен бірге жалғыз тұрғын үйлерінен қуылады, - деді А. Перуашев.
Сонымен қатар, депутаттың сөзінше, кәсіпкерлер арасында қарыз алушылардың төлем қабілеттілігіне нұқсан келуде. Бүгінде банктер экономиканың нақты секторын кредиттеуден, импортты кредиттеп және инфляцияны ілгерілете отырып, тұтынушылық кредиттерге көшуі кездейсоқ емес. Себебі, елде ауыртпалықсыз мүлкі бар және қарызды өтеуде проблемалары жоқ бизнес күннен-күнге азайып жатыр.
– Қаржы нарығын реттеу агенттігінің деректері бойынша, ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Екінші деңгейлі банктердің жиынтық активтері 35 трлн теңгені құрайды, оның ішінде заңды тұлғаларға, яғни экономикаға кредиттерге 20,6 % (немесе 7,2 трлн теңге) бағытталды, жеке тұлғаларға берілетін кредиттерге - 26,3% (9,2 трлн тг) ал банк активтерінің 53%-ы бағалы қағаздарға орналастырылған және экономикаға жұмыс істемейді. Міне, Ұлттық банк саясатының нәтижесі, банктерге экономика мен өндірісті қаржыландырудан гөрі активтердің жартысынан көбін қалыпты ноталарда ұстау тиімдірек екен, - деді Мәжіліс депутаты.