Игі істеріміз - мерейтойға тарту

Игі істеріміз - мерейтойға тарту

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына Ақмола облысында «игі істер автобусы» акциясы жүріп жатыр. «Игі істер марафоны» жобасын іске асыру аясында аймақтағы колледж қызметкерлері мен студенттері белсенді қатысуда.

             Білім басқармасынан атап өткендей, жобаның негізгі мақсаты ауыл тұрғындарын қолдау, әлеуметтік жобалау идеяларын, волонтерлік құндылықтары мен тәжірибесін насихаттау, студент жастарды қоғам мәселелерін шешуге тарту. Олар халыққа шаштараз сервисі, тігін бұйымдарын жөндеу, ағаш ұстасы, дәнекерлеу қызметі, цифрлық технологиялар саласындағы қызметтер көрсетеді. Студенттер арасынан волонтерлер елді мекендердің оқушыларымен бос уақытты ұйымдастырады, спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар, үйірме сабақтарын өткізеді. «Акция барысында 5 мың адамды қамту жоспарланған», - дейді ведомство өкілдері. Әрбір «игі істер автобусының» аумақтық әкімдіктермен келісілген өзінің жүру бағыты белгіленген, ауылдық округтердің тұрғындары ерікті студенттер ұсынатын қызметтер спектрі туралы алдын ала хабардар етілетін болады. Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледжінің студенттері мен оқытушылары Тельман ауылдық округінде ауыл тұрғындарына шаштараз қызметтерін, компьютерлік техниканы жөндеу және түрлі бағдарламаларды орнату бойынша қызметтерді атқарып, жалғыз тұратын адамдардың үйлері мен аула аумақтарын тазалау бойынша көмек көрсетті. Акимовка және Поповка ауылдарындағы аз қамтылған отбасылардың балаларына кеңсе керек-жарақтары бар пакеттерді сыйға тартты.

З.Қабиоллаұлы

qazaquni.kz