Депутат: Цифландыру алаңын Сбербанк жүйесіне беру - егемендіктен айырылу емес пе?
2021 ж. 12 қыркүйек
1313
1
Сыртқы саясат алаңымызда терең тектониқалық өзгерістер өтіп жатыр. ЕАЭС тек бір экономиқалық бірлік түсінігінен асып, жаңа одақ құру, тіпті бір мемлекетке бірігу жолына қарай жайлап жылжып бара жатқанға ұқсайды. Егемендік хақтарымызды қолдан беріп, тәуелсіздігімізді тарылту жолына түскен сыңайымыз бар.
Бүтін Қазақстанның мемлекет басқару жүйесінің цифрлық алаңын, көрші елдің бір банктық жүйесіне беру, уран шикізаты мен өндірісін де соларға тапсыру, ақыры бір атом электростанциясын салуға қайта бет бұру "шектеулі" тәуелсіздік орнауына, ішкі және сыртқы саясаттағы маңызды мемлекет функцияларын басқа бір мемлекетке тапсыру бастамасы ма деген ой келуде.
Үкіметіміз күшті "көршінің" айдауына көніп, жүргізіп отырған әлсіз " инертті" сыртқы саясаты , жеткілікті дәрежеде "легитимді" еместігімен байланысты ма осы ? Қазіргі үкіметімізді біз, толыққанды азаматтық қоғам, демократиялық көппартиялық жүйе қалыптасқан саяси системаның өнімі дей аламыз ба? Мүмкін , сол халықтан терең қолдауға ие бола алмағандықтан шығар, осындай солқылдақ саясат жүргізулері. Немесе, сол қолдауды тіпті қажет санамауларында ма екен?
Тәуелсіз сыртқы саясат жүргізу үшін, "технократиялық" басшылыққа ерекше күш беретін, егеменді биліктің қайнар көзі саналатын халықтың, өз тәуелсіздігін қорғауға бағытталған табанды көзқарасы қажет. Ата заңымыз- Конституцияда осылай көрсетілген. Яғни, егеменділікке байланысты мәселер тек халықтың қолдауымен қарастырылып, шешілуі тиіс !
Осы кезеңге дейін, біздің бірнеше тіл меңгерген, тәжірибелі "технократ" билігіміз егеменділікті қорғау мақсатын тек мемлекеттік "статусты" қорғаумен байланыстырды. Бұл "статус "түсінігіне шекара, экономиқалық мүдде, Президенттік биліктің құдіреті, мемлекеттер арасы шарттар сияқты т.б "ресми" ұғымдар кіруші еді.
Бірақ бұл ұғымдардың "ядросын" құрайтын негізгі түсінік қазір ғана өз маңыздылығына иеленуде. Бұл - Қазақ Елі, Мемлекеттік Тіл және жалпы қазақтардың мүддесі. Бұл фактордың пайда болуы - объективтік жағдай, демография және ұлттық сананың күшейуіне негізделген унитарлық мемлекетке тән даму көрінісі.
Сонда да билік басындағылар бұл өзгерістерге әліде реалистік көзбен қарап, бұдан керекті дәріс алмауда.
Егеменділігімізге, Ел болашағына өлім не өмір дейтіндей, аса маңызды мәселелерді ешқандай талқыға салмай, қоғаммен санаспай-ақ өткізіп жіберулері қауіпті тәжірбие. Бұрын айтылмаған, мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдануда, арты жақсылыққа апара ма? Бірнеше адам кеңескен шұғыл шешім, миллиондаған халқымыздың келешегінің тамырын балталамас па екен? Кешегі қабылданған шешімдер бізді егеменділіктен айыра бастайтын жолдың бастамасы емес па? Бүкіл басқару жүйесінің цифландыру алаңын басқа бір елдің Сбербанк жүйесіне бере салу Тәуелсіз мемлекеттің шешіміне жатады ма?
Ресейдің Президенті осы шешімге үлкен ризашылығын білдірді біздің басшыларымызға. Сол кездегі жүзі, қақпақсыз қалған қазаннан, қаймаққа тойған мысықтай еді...
Бейбіт Күлмағамбет,
Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты
Фейсбук парақшасынан