Қазақстанға Ауғанстандағы қандастар жеткізілді
2021 ж. 10 қыркүйек
1233
0
Ауғанстандағы қандастар елге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бүгін Ауған елінде тұратын бір топ қазақ қандасымыз елімізге сәтті эвакуацияланды. Кабулдан Алматыға арнайы рейспен 35 қандасымыз, 4 Қазақстан азаматы және БҰҰ-ның 1 қызметкері жеткізілді. Президент дипломаттарымызға және игі істі ұйымдастыруға атсалысқан барлық ведомство қызметкерлеріне алғыс айтты», - деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсыру рәсімі нде Ауғанстандағы қазақ диаспорасын елге қайтару мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеген еді.
20 тамызда ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Ауғанстандағы қандастарды елге әкелу жұмысы қай сатыда екенін айтқан болатын.