101 млн теңге: Қазақстан Ауғанстанға көмектесті
2021 ж. 08 қыркүйек
1243
1
Қазақстан Ауғанстанға азық-түлік тауарлары бар жүкті жеткізуге 101,5 млн теңге жұмсады. Енді бұл соманы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Үкімет резервінен өтеу тапсырылды. Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында талқылауға орналастырылды.
Қазақстанның қаржы министрлігі Үкіметтің төтенше резервінен 101,5 млн теңге бөлуге дайын екенін растады.
Қазақстан Ауғанстанға 2020 жылдың маусым айында көмек көрсетті. ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, сол кезде екі мың тоннаға жуық жоғары сұрыпты ұн, 500 тонна макарон, 400 мың литр өсімдік майы және 200 мың банка сүт консервілері жіберілді.
2020 жылдың тамызында Қазақстан Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек жіберген еді. Бұған қосымша 16,1 млн теңге жұмсалды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, сол кезде Өзбекстанға мың тонна бидай ұны, 250 тонна қарақұмық жармасы, 92 тонна сары май және 19 тонна қоюландырылған сүт жіберілді, ал төтенше жағдайға арналған тауарлар Ауғанстанға жөнелтілген.
Abai.kz