Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпықазақстандық ашық диктанты өткізілді
2021 ж. 04 қыркүйек
1312
0

Ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде, сондай-ақ барлық облыстық, қалалық және аудандық кітапханаларда, жоғары оқу орындарында, колледждер мен мектептерде бір мезгілде (синхронды) қазақ тілінде ҚХА-ның Жалпықазақстандық ашық диктанты өткізілді.
ҚХА-ның Жалпықазақстандық ашық диктантының мақсаты –мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қазақ тілін үйрену арқылы қоғамдық келісім мен халық бірлігін нығайту.
Мемлекет басшысы өзінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында өз болашағын елімізбен байланыстыратын әрбір азамат мемлекеттік тілді үйренуге бар күш-жігерін салуы тиіс екенін атап өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпықазақстандық ашық диктантының қорытындысы ағымдағы жылдың қараша айында «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумында жарияланады.