Қазақ тілі жеңілсе, Қазақстанның туы Ресейдің қолына көшті деген сөз - Тұрсын Жұртбай
2021 ж. 20 тамыз
4823
9
Мәжіліс депутаты, белгілі ақын, Мемлекеттік тіл мен ұлттық мүдде мәсілесінде өткір ойларын ашық айтып жүретін қоғам қайраткері Қазыбек Исаға қарсы жала жауып, шабуыл жасаушылардың аз емес екенін бұған дейін талай жазғанбыз. Ұлтшылдарға ұйымдасқан түрде жасалып жатқан шабуыл туралы бүгін "Қазақ үні" ақпарат агенттігінде "МЕНІҢ ҚАНША АДАМДЫ “ӨЛТІРГЕНІМДІ” ҰМЫТЫП КЕТІПТІ ЖАЛАҚОРЛАР!" атты Қазыбек Исаның мақаласы жарияланған болатын.
Аталмыш мақала қоғам тарапынан үлкен қолдауға ие болуда. Белгілі зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, журналистер мен қоғам қайраткерлері де өз үндерін қосып, жала жабушылырға қарсы пікірлерін жазуда.
"Қазақ үні" ақпарат агенттігі ең белгілі ғалым, алаштанушы Тұрсын Жұртбайдың пікірін оқырман қауымға ұсынуды жөн көрді.
- Қазыбек! Бұл ұлттық Басыну мен Мойынсынбаудың басы. Мұны 1990 жылы жазып, мойынсынбауға шақырып едім. Енді бір кездегі Балтика елінің Мойынсынбау саясатын біз қайта қарап, уақытқа лайығынан бастап қолға алып, заңды болмаса Бүкілхалықтық қозғалысқа айналдыру бағытын ұстану керек. Мемлекеттік тілді қолдануға шақырған ададмды соттау — сол тәуелсіз мемлекеттің өзін сотқа тарту. 1991-1993 жылдардың аралығында 951-953 баптан тұратын (жаңылысуым мүмкін, бес-он бапқа) "Ресейдің әскери доктринасы" жасалған болатын. Тіл үстемдігі-екінші мәселе болатын. Ол жобаның ішінде контрразведканың, демек Путиннің де жобасы бар болатын. Бұл — басы. Үлкен талас. Егер қазақ тілі жеңілсе, онда Қазақстанның туы Ресейдің қолына көшті деген сөз. Бұған тіл, діл, дін майданы ашылмай, экономикалық және саяси жағдайға жете алмаймыз. Сыртқы, ішкі, рух қуатын біріктіру керек, - деді Т. Жұртбай.