ҚҰДАЙ САҚТАНСАҢ ҒАНА САҚТАЙДЫ!

ҚҰДАЙ САҚТАНСАҢ ҒАНА САҚТАЙДЫ!

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЗАҚША ШЫҒАРЫП БЕРДІ

Әлемдік пандемияға айналып, жалмап бара жатқан жаман індеттің жақын арада беті қайтатын түрі көрінбейді. Былтырғы қаралы жаздағыдай қынадай қырып салмаса да, кеше жүрген жақын жандарымыз, дос, туыс, таныстарымыз бүгін кетіп қалып жатқандары аз емес. Тек бұған да, күнде қаншама адамдардың қайтыс болып жатқандарына етіміз үйренген секілді, былтырғыдай аттандау азайды…

Түркістан - Шымкент өңірін аралап, елмен кездесіп келген соң, бүгін әуежайдан түсе сала үйге жетпей, бірден Президенттік іс басқармасының емханасына барып, вакцина салдырып алдым.

Қазақстанның вакцинасы жоқ екен. Қытай-араб вакцинасы Хаят та жоқ. Америкалық Фрайзер әлі жетпепті. Тек Ресейдің Спутнигі мен Қытайдың Синовагы бар екен. Осы жаман індет Қытайдан шықты ғой, ендеше оған қарсы емдік егуде де олардың вакцинасы тиімді шығар деген қазақы түсінікпен қытай вакцинасын салдырдым. 

Алдымызда екі-ақ таңдау тұр:

1. Вакцина салып, аман қалу.

2. Интернеттегі жалған ақпараттарға еріп, вакцинадан қашып, ауыр індетке шалдығу (одан аман қалар-қалмасыңды бір құдай біледі).

Қандай игі шара болса да, қарсы шығатын кесепатмедиаға ергендер өткен ғасырларда әр елде миллиондап қырылған халықтың тек вакцина арқылы ғана аман қалғанын ұмытып қалған секілді…

ҚҰДАЙ САҚТАНСАҢ ҒАНА САҚТАЙДЫ!

Құдай қуат беріп, Алла шипасын берсін!

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЗАҚША ШЫҒАРЫП БЕРДІ


Айтпақшы, мен бұл жазбаны жазудағы негізгі мақсатым-вакцина салдырғанымды айту емес, вакцина құжаттарының қазақша болғанын жариялау еді. Өйткені бұдан бұрын екі рет құжаттар Ресей тілінде болғаны үшін вакцинадан бас тартқан едім. Ресей тілінде болғаны үшін “Вакцинадан бас тарту” құжатына да қол қоюдан бас тартқан болатынмын.

Міне, енді бір сөзге келмей, құжаттардың бәрін түгел қазақша шығарып берді…

Осылай күнделікті, жүйелі қатаң талаптарымыз арқылы бірте-бірте адам болып, ел болып кететін шығармыз…

Алла жар болсын!

Қазыбек ИСА,

Қазақ үні