ЖАСТАР ЖОБАСЫНА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
2021 ж. 14 шілде
2506
0
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және UNICEF еліміздегі жастар жобасын жүзеге асыруда күш біріктіріп, бірлесе әрекет етеді.
Бағдарламаның бастамашылары: БҰҰ Балалар қоры (UNICEF) және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Samgau (Upshift) бағдарламасы жастардың әлеуметтік осал бөлігінің, соның ішінде NEET санатындағы жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Бүгінде жоба еліміздің алты өңірінде Жастар ресурстық орталықтарының негізінде жүзеге асырылуда. Сондай-ақ өмірлік маңызы бар дағдыларды оқыту бойынша 30-дан астам семинар, 2 онлайн буткамп өткізілді. Бұған қоса, бағдарлама аясында 13 команда шағын гранттар алып, өз жобаларын жүзеге асыруда. «Қарқаралы ауданының жастары арасында, жақында біздің ЖРО базасында бизнес негіздері, әлеуметтік кәсіпкерлік, тайм менеджмент, сыни, дағдылар, топтық жұмыс сияқты өмірлік маңызды дағдыларға тегін оқуға мүмкіндік пайда болды. Бұл Samgau UPSHIFT жобасының арқасында мүмкін болды. Жоба аясында ЖРО-да барлық қажетті заттармен жабдықталған кабинет ашылды. Онда ерекше қажеттіліктері бар жастарға (АИВ инфекциясы және басқа да созылмалы аурулары, мүгедектігі бар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар) басты назар аударылатын болады», - деп атап өтті Қарқаралы ауданының ЖРО басшысы Қобыланды Ерсайын.
qazaquni.kz