“Аурудан тазару керек деген”: СҚО-да алаяқтық жасаған 67 жастағы әжей ұсталды
2021 ж. 06 тамыз
1537
0
Солтүстік Қазақстанда алаяқтық жасады деген күдікпен 67 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция басқармасына сілтеме жасап.
Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөліміне облыс орталығының 67 жастағы тұрғыны алаяқтық жолмен 600 мың теңгенің екі алтын сақинасын алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Жәбірленуші жұмыста өзінің облыс орталығындағы Булаево базарында болғанын, егде жастағы әйел күн сайын оның бутигіне келіп, “аурулардан тазарту” қызметін ұсына бастағанын түсіндірді. Бастапқыда қала тұрғыны мұндай қызметтердің ұсынысына күмәнмен қараған. Бірақ әйел тағы да келіп, бойындағы жындардан тазару керектігін айтады.
Ақырында, жәбірленуші өзінің келісімін беріп, тауық жұмыртқасымен рәсім жасалған. Артынша “емші” алтын мен ақшаны өртеу керектігін айтып, өзіне алып қалады.
Келіншек емшіге екі алтыны мен жиырма мың теңге қаржы берген. Біраз уақыттан кейін жағдайды сарапқа салған келіншек алданып қалғанын түсінеді. Емші оның қоңырауларына жауап бермей қояды.
Алаяқтық жасаған күдіктіні Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. Ол Ақмола облысының облыс орталықтарының бірінде тұратын 67 жастағы әйел болып шықты, ол достарымен кездесуге бір күн бұрын Булаевоға келген.
Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Күдіктіге қатысты келуге міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.