Фазылбек Әбсаттарұлы "Түркия түлегі" сыйлығымен марапатталды
2021 ж. 17 шілде
1457
0

Түркияның Мәдениет және туризм министрі Фазылбек Әбсаттарұлын "Түркия түлегі" сыйлығымен марапаттады. Мұндай сыйлық биыл бірінші рет тағайындалған.
30 жыл ішінде Түркияда бітірген 150 000 шетелдік азаматтар ішінен төрт-ақ елден 4 адамға осы сыйлық берілді.
Соның ішінде Қазақстаннан Фазылбек Әбсаттарұлына берілді.
Фазылбек Әбсаттарұлы:
"Мен тек бір нәрсе үшін ғана риза болдым: Қазақстанның атын сол кеште естігенім үшін ғана. Шын сөзім. Басқа ештеңе қызық болмады. 4-ақ елдің аты аталды. Соның бірі Қазақстан. Қазақтар да еңбекқор, ақылды, жай халық емес.
Түркия еліне алғысым шексіз. Мотивация болды.