Қазыбек Иса: Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауға Мамин мүдделі болса, қолға алар еді…
2021 ж. 09 шілде
2910
5
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауға мүдделі болса, үкіметте екі жылдан бері қозғалмай жатқан Мемлекеттік тіл туралы заң тұжырымдамасы қолға алынар еді.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса «Қасқа жол» ютуб арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі.
- Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау Маминнің тікелей жұмысы болғанымен, жеке тұлға ретінде ол бұған мүдделі емес. Бұл менің ғана емес, көп адамның ойы солай шығар, - деді депутат.
Ол, сонымен қатар, Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин тарапынан депутаттық сауалдарға шектеу қойылмайтынын, «Ақ жол» партиясына бөлінген қаржының есебі жыл сайын партия сайтында және “Қазақ үні” ұлттық порталында жарияланатынын,«пара алуға оқталды» деген айыппен сотталған Ислам Әбішевті не үшін қорғағаны секілді өткір сұрақтарға жауап берді.
Сұхбаттың толық нұсқасы: