ҚАЛАМДАРЫҢЫЗ ҮШКІР, ҚАДАМДАРЫҢЫЗ ҰШҚЫР БОЛА БЕРГЕЙ!
2021 ж. 27 маусым
1533
0
Бүгінгі Бұқаралық ақпарат құралдары күнімен қаламдастарымызды құттықтаймын!
Алаш арыстарынан сөз қалмаған. Жүз жыл бұрын Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген қанатты сөзі – қазақ баспасөзінің ұранына айналды.
“Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы күшті” дейді Міржақып Дулатұлы.
Қазіргі қазақ баспасөзі туралы
“Қазақ Журналистері ұлттық партияның рөлін атқаруда” (Ерлан Қарин) деген сөз өте тура айтылған шындық.
Қаламын қаруға айналдырып, ақпарат майданында ат үстінде жүрген әріптестеріме кәсіптеріңіз нәсіптеріңізге айнала берсін дейміз.
ҚАЛАМДАРЫҢЫЗ ҮШКІР, ҚАДАМДАРЫҢЫЗ ҰШҚЫР БОЛА БЕРГЕЙ!
ҚАЗАҚ ҮНІН биіктен шырқап, алдарыңыздан АҚ ЖОЛ ашыла берсін деп тілеймін!
Қазыбек Иса,
Қазақ үні