ҚАЗАҚ ҮШІН ҚАЙРАТ КӨРСЕТУДЕН ҚАЙТПАҢЫЗ, ҚАЗЫБЕК! - Алмас Ахметбекұлы

ҚАЗАҚ ҮШІН ҚАЙРАТ КӨРСЕТУДЕН ҚАЙТПАҢЫЗ, ҚАЗЫБЕК! - Алмас Ахметбекұлы

Бір мандаттың ғана рөлі әр мандаттың маңызын көрсетеді


Қазыбек бауырым, сәлем!

Халық өкілі мен үкімет арасында диалог болғаны жақсы үрдіс. 

Әбден кері кетіп,әркімнің әләуләйі болған, шын мәнінде мүлде дерлік доғарылған көш қайта қозғалар түрі бар. 

Оны сен жариялаған “Ақ жол” фракциясы жолдаған депутаттық сауалға жазған вице-премьер Ералы Тоғжановтың жауап хатынан көрдік. 

Ұлтқа жасаған қызмет - ұлық қызмет. Көші-қон мәселесі — ұлттың тұтастығы мәселесі. Ол — аумақтық тұтастық, Ұлттық мемлекеттің қауіпсіздігі мәселесі. 

Бұл шын мәнінде ең ұлы, бәрінен маңызды, бәрінен биік мақсұт. Бұл мәселе сонша елеусіз, сүйкімсіз күйге сырылып еді. 

“Келген қазаққа 5 жылға дейін азаматтық берілмесін!” деген қазақ министрді, соған қол көтерген қазақ депутатты көрді, шыққыр көзіміз. Соны жасағандар әлі сол маңайда, сол биікте жүр.

Қазыбек Жарылқасынұлы!

Расын айтайық: Бұл маңызды мәселе -- Мәжіліске сенің келуіңмен басталған мандатты сауалдармен қайта күн тәртібіне қойылып келе жатыр. Бұл бір мандаттың ғана рөлі және сол әр мандаттың маңызын көрсетеді.

Сізден сұрайтынымыз — ҚАЗАҚ ҮШІН ТАЛАП ЕТУДЕ ҚАНАҒАТСЫЗ БОЛЫҢЫЗ” 

1)Комитет емес, тарқатылған Агенттік қайта құрылғанша, 

2) 4 жылда 80 000 емес, 2002 жығы бір жылда 80 000 қазақ келтірген меже қалпына қайта келгенше, 

3)жылына мыңдаған бала отанына оралып, оқуға түскен кез (2002) қайта қалпына келгенше. 

4)қазақ топырағының әр аумағына қазақ қайтып қонғанша, қазақ қайтып толғанша

АЛҒАН БЕТТЕН ҚАЙТПАҢЫЗ!

Қайталап айтсақ, ҚАЗАҚТЫ ТҮГЕНДЕУ ЖОЛЫНДА ХАТ АТАУЛЫҒА ҚАНАҒАТ БОЛМАУ КЕРЕК.

Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ, 

ақын, қоғам қайраткері,

Қазақ үні