Қазақстандағы қымбатшылыққа Үкімет кінәлі - Асылжан Мамытбеков
2021 ж. 24 маусым
3366
9

Қазақстанда азық-түлік бағасының күрт қымбаттап кетуіне кім кінәлі? Осы сауалға бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков жауап берді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
- Біз осылай кім кінәлі деп екі апта шулаймыз да қоямыз. Жүйелі түрде жұмысты жүргізбейміз. Бұған бір министрлік емес, жалпы Үкімет кінәлі. Мысалы, Дубайда картоптың 1 келісін де өсірмейді. Бірақ, картоп бәріне жеткілікті. Баға ауытқуы жоқ. Ал, біз 250 мың тонна картоп экспорттап жатқан елміз. Әлемде адам басына өндіру көлемі бойынша 5 елдің қатарына кіреміз. Бірақ, картоп жоқ, - деді Мамытбеков журналист Н. Аралбайұлына берген ">сұхбатында.
Ол сонымен қатар, жер сату мәселесі, Сырдария өзені суының азаюы, көлеңкелі бизнес секілді көптеген тақырыптаға қатысты өз пікірін жеткізді.