Нұр-Сұлтанда ел екпеге келсін деп екі бөлмелі пәтер ойната бастады

Нұр-Сұлтанда ел екпеге келсін деп екі бөлмелі пәтер ойната бастады

Қала тұрғындарын ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын енгізіп жатырмыз. Ал жаңадан вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатпақпыз, деп жазыпты Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz.

Екі бөлмелі пәтер инвесторлар есебінен екенін бірден ескертті. Ұтыс ойынына қала емханаларында немесе СОО/СҮ пункттерінде екпе алған қала тұрғындарының бәрі қатыса алады.

Ал пәтер ұтысының ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Қыркүйек айының басында нәтижесін жариялаймыз. Конкурстың әділ өтуі және вакцинацияланғандарды толығымен қамту үшін (көрсетілген кезеңде) IT-қоғамдастықты жұмылдырамыз.

Айта кетейін, бұған дейін "MEGA Silk Way" СОО вакциналанғандар арасында автокөлік ұтыс ойыны өтетінін хабарлаған. Сол сияқты СОО/СҮ пункттерінде вакцинацияланғандар арасында компьютерлік және тұрмыстық техникалардың, iPhone смартфонының ұтыс ойындары ойнатылады.

Соңғы күндері тұрғындардың вакцина алудағы белсенділігі қуантады. Қала тұрғындары осылайша өз денсаулығына жауапкершілікпен қарай бастады әрі "Дельта" штаммының қаупін түсінді.