Түйіндемесін орысша жазатын адамға бағам нөлге түседі - Аятжан Ахметжан
2021 ж. 20 маусым
1841
2
Қазақ мектебінде сабақ беретін мұғалім түйіндемесін орыс тілінде жазған сәтте ол адамға деген бағам нөлге түседі...
Себебі сол адаммен жеке сөйлессең, қазақ тілінің дамымай жатқаны туралы өзінен басқаның бәрін кінәлауы мүмкін...
Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі орысша түйіндеме көтеріп келгенде қанша сабырлы болайын десең де, біраз жүйке жасушаң өліп кетеді...
Ұлт мәселесінде ұсақ іс болмайды.
Құдай үшін, қоғам сондай деп ақталмай-ақ қойыңыздаршы. Өмірімде неше рет жұмыс алмастырсам да, жұмыс іздесем де, орыс тілінде түйіндеме жазған адам емеспін!
Орысша түйіндеме жазсаңыз, қазақ тілінің болашағы туралы айтпай-ақ қойыңыз. Ол - екіжүзділік!
Әр нәрсені өзіңізден бастаңыз!
Аятжан Ахметжан,
Фейсбук парақшасынан