Қазақ қызын бес күн әужайда қалдырған қандай заңсыз қаулы?

Қазақ қызын бес күн әужайда қалдырған қандай заңсыз қаулы?

«Ақ жол» депутаттары шекара қызметі өткізбеген қандастың мәселесін шешті


Надия деген бір қандас сіңілім Беларус арқылы Қытайдағы әке-шешесіне бармақ болып,бара алмай,Беларуста 20 күн карантинде жатып,

Енді Астанаға келген кезде Қазақстан Республикасы шегара қызметі шетел азаматы отыз күнге толмаса шегарадан қайтып кіруне болмайды деп Нұр-Сұлтан әуежайында транспорттық зонада қалдырыпты. Бір қызығы аталған бойжеткеннің

Ықтияр хаты бар, Қазақстанда тұрақты тіркеуде тұр. Қазақстан студенті. Заң бойынша ҚР аумағында тұрақты тұратын шетел азаматы сайлау-сайлану құқығынан басқа ҚР азаматтарымен тең құқылы, сонда шегера қызметі қандай қаулыға сүйеніп кіргізбей отыр деп таңғалдық.

Осы қызды шегарадан өткізіп алуға қандай мүмкіндік бар?

Отандастар қоры арқылы қалай өткізіп алуға бола ма?

    Үстіміздегі жылдың 13-ші маусым күні осынлай хат келіп түскен болатын.  

   Көп ойланып жатпай, күн жексенбі болсада қазаққа жаны ашып шырылдап жүрген депутат Қазыбек Иса мырзаға қоңырау соғып, істің мән-жәйін айтқан болатынбыз. “Болар істің басына, жақсы келер қасына” демекші Қазыбек мырзаның табандылығының арқасында, кеше кеште аман-сау елге кірді. Елге еткен еңбегі адал, перзенттік борышын қапысыз атқарып жүрген Қазекең нағыз халық қалаулысы, деніңіз сау болсын, алғысымыз шексіз!!!


     Бес күн әуежайда түнеп, аш-жалаңаш, күдік пен үміттің ортасында күн кешкен қаракөз қарындасымыздан кешірім сұраймыз. Көрген қиындық артта қалсын. 

  Шекара қызметкерлері сүйенген қандай қаулы екен? Енді осы жағдайды анықтау маңызды болып тұр. Себебі, егер ондай қаулы бар болса оның заңсыз екені дау тудырмайды. Заңсыз қаулы болған соң оған қол қойған адамдар да жауапқа тартылуы керек. Парламент депутаттары енді осы мәселенің соңына шырақ алып түссе екен деп үміттенеміз.

Қарлығаш Хожамуратова,

Фейсбук парақшасынан

“Ақ жол” демократиялық паотиясынан Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның жауабы:

***

Әумин, көп рахмет Карлыгаш Хожамуратова. Қиындықта қалған әр қазаққа қолынан келгенше қол ұшын созу әр қазақтың ісі ғой! Шырылдап, әуежайда заңсыз қыспақта бес күн қалған қазақ қызына көмек сұраған өздеріңізге, қайраткер Рақым Айыпұлына және тб рахмет! Мен Шекара қызметі басшысына шұғыл хат жазып, “”Ақ жол” партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев тікелей телефон соғып, іс ақыры оңынан тез бітті. Әр қазақ аман болсын! Алла жар болсын Алашқа!

Қазақ үні