Барлық құжаттарды қазақ тілінде толтыруды талап етіңіздер! - Жәннат Мырза
2021 ж. 09 маусым
3051
0
Заң орындарының құжаттармен заң аясында жұмыс істеуі - заңдылық. Көбінесе нотариалды кеңседегі қызметкерлер бізде формат бір тілде деп тек орысша нұсқасын беретін безірейіп.
Бүгін де астанада ісім түсіп, нотариусқа барған едім, қазақ қызметкер екен. “Бізде бәрі орысша алады, сіздерге қай тілде” деді. Біздің қазақ болғасын, орысқұлдық санадан азат болғасын қазақша сөйлеп тұрғанымызға қарап солай айтты-ау деймін. Мен де ,”әрине қазақтарға қазақша бермейсіздер ме заңды түрде” дедім.
- Клиент қалай талап етеді сол тілде береміз, - деді. Астанадағы “Москва” бизнес орталығындағы нотариус Қарлығаш Жүнісбековаға келсеңіздер, осылай қазақша сенімхат аласыздар.
Белгілі тіл жанашыры,қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазықызы астанамыз Нұрсұлтан қаласында қай тілде сұраса да, қай ұлт болса да,нотариальдық сенімхатты тек қана қазақ тілінде беретін Абзал деген нотариус бар деп еді...
Қазақтар, егер құлдық санадан құтылған болсаңыздар, барлық мекемелерде құжаттарды қазақша толтырып алуды талап етіңіздер.
Қазақ тілін көтеру үшін әрбір қазақ қазақша амандасудан бастап,барлық жұмысты қазақша талап етіңіздер.
Қазақ тілін қолдауды әркім өзінен бастасын!
Жәннат Мырза,
Қазақ үні