Мәскеудегі алқабилер соты Томирис Байсафаның өліміне күдіктіні ақтап шықты
2021 ж. 08 маусым
2316
0

Мәскеудегі алқабилер соты Томирис Байсафаның өліміне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дағыстанның экс-премьер-министрінің ұлы, басты күдікті Муртазали Меджидов ақталды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
“Меджидов 105 баптың 1 тармағы бойынша алқабилердің шешімімен ақталды. Ертең сағат 9:30-да сот үкімі оқылады”, – делінген Никулинск аудандық сотының баспасөз хабарламасында.
Марқұмның анасы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
“Достар, оны кінәсіз деп тапты. Не айтарымды да білмеймін”, – деп жазды Томиристің анасы Жанна Ахметова.
Айта кетсек, 2018 жылы 13 сәуірде Томирис Байсафа белгісіз жағдайларға байланысты Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кетеді. Алған жарақаттарының салдарынан ол 3 мамырда көз жұмады.
Оның өліміне кінәлі деген айыппен Дағыстанның экс-премьер-министрінің ұлы Муртазали Меджидов ұсталған болатын.