Сотталғандар жетімдер үйіне әткеншек жасап сыйлады
2021 ж. 01 маусым
1799
0
БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/3 мекемесінің қызметкерлері балалар үйіне және ақыл-ойы дамымай қалған балаларға арналған мектеп-интернатқа бірінші рет барып отырған жоқ. Облыстың түпкір-түпкірінен келіп отбасылық үлгідегі балалар ауылында тұрып жатқан бүлдіршіндерге мереке күндері уақыт бөліп келіп, қамкөңіл балаларға әке қамқорлығы мен ана мейрімін сезіндіруге тырысады.
Балалар құқығын қорғау күніне орай мекеме қызметкерлері "Нұрдәулет" ұжымының директоры Е. Жарылғасовпен бірге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ереше сыйлық жасады. Балаларға сотталғандардың қолымен жасаған әткеншекті табыстады. Әткеншекке кезек–кезек тербелгенде балалардың жүзін риясыз балалық күлкі кернеді.
Балалар үйінің директоры Р. Сүйіншалиева балаларға арналған сыйлықтар үшін үлкен алғысын білдірді.
Қызметкерлер мұндай қайырымдылық акцияларын үнемі өткізуге тырысатынын айтты.
«Бұл іс - шараның басты мақсаты-балаларға мереке мен оларға жетіспейтін кішкентай ғажайып пен жылулық сезімін сыйлау. Әсіресе, үлкендерден мұндай көңілді ата-анасы жоқ балалар үйінде қалған балалар күтеді», деді Әділет майоры, мекеме бастығының орынбасары Сұлтан Сахметов.