Шығыс Қазақстандық қайраткерлер Ислам Әбішевті босатуды сұрады

Шығыс Қазақстандық қайраткерлер Ислам Әбішевті босатуды сұрады

Нұрсұлтан қаласының

қылмыстық істер

жөніндегі сотының

Алқа мүшелеріне

АШЫҚ ХАТ

Аса Құрметті Алқа мүшелері!

Бұл хатты сіздерге Қазақстанның сонау алыс Шығыс жағында елі жері бай, ынтымағы мен беркесі ұйысқан, небір елім, жерім дейтін мықты-мықты азаматтар шыққан Тарбағатай жұрты жазып отыр! Ерін бағаламаған ел жетім, тыңдалмаған сөз жетім дегендей, қалың ел Тарбағатай халқының осы бір жүрегінен шыққан үніне құлақ салсаңыздар екен!

Қай заманда болмасын,ел басына күн туғанда қиындықты қаймықпай қарсы алып,жаудың бетін қайтаратын,көппен бірге үрейі ұшып бас сауғаламай ,халқының басына түскен ауырлықты өз мойнына алып, нардай көтере білетін ұлдары болған. Оларды халық "батыр" - деп әлпештеп, құрметтеген, қадір тұтқан. Біздің айтқалы отырған азаматымыз, батырымыз қазіргі күнде басына іс түсіп, ауыр жағдайға тап болған Ислам Алмаханұлы Әбішев

2010 жылы "Қызылағаш" қасіреті біздің бесымызға тап келеді деп кім ойлаған. 17 наурыз, 19 сәуір аралығында топан су Тарбағатайдың Жәнтікей, Көкжыра ауылдарын тұтастай алып кетсе, Көктүбек, Қызыл кесік, Ойшілік ауылдарына да үлкен залалын тигізді.

Мұндай сұмдық апат соңғы 100 жылда болмаған көрінеді. Қаймана қара халық, қалың ел тұтылды. Осындай төтенше жағдай орын алған қиын сәтте, Тарбағатай елін басқаруға, бұрын мұндай жағдайлардан хабары, тәжірибесі бар, абдырап есі шыққан елді сабырға келтіріп, істің мән жәйін білетін, елді осы қиындықтан алып шығады деп сенім артылған сол кездегі Өскемен қаласының әкімі Ислам Алмаханұлы Әбішев мырза келді. Бір сәтте бар билікті қолына алған Ислам мырза бір түннің ішінде республиканың Қостанай, Көкшетау, Астана, Өскемен қалаларынан Көкпекті, Жарма аудандарынан құтқарушы техникалар мен жасақтар шақырып, олар жедел жетіп, халықты қауыпсыз жерлерге көшірді. Тез әрі ұтымды қимылдың нәтижесінде бірде бір адам шығыны болған жоқ. Аудан орталығынан тез арада адамдарға жатын орындар, тамақ, киім керек, қажетті заттар дайындалды. Аудан орталығында, барлық ауылдарда темірдей тәртіп орнатты. Тасқында қалған екі ауылға әскерилер мен құқық қорғау орындарының адамдарынан күндіз түні күзет қойылды. Соның нәтижесінде, бұзақылық, ұрлық т.б келеңсіз бірде бір оқиға орын алған жоқ. Жылаған елді жұбата білді, халықтың жүрегіне бәрінің жақсы болатынына сенім ұялатты. Іскерлігі сондай халықты басқарудың небір ұтымды тәсілін жүзеге асырды. Халыққа көмек республиканың түпкі түпкірінен құйылды. Аман қалған малға жем шөп, көмір техника жан жақтан ағылып келіп жатты. Өзі де арнайы жасақталған командасы да күндіз түні ұйқы көрмей, дем алмай бір кісідей жұмыс жасады. Міне осының барлығының бас қасында Исалам мырза өзі отырды. Айналасы 20 күннің ішінде тасқынға тосқауыл қойып, жұмысты бір арнаға түсірді. Халықтың билікке деген сенімін арттырды. Болған оқиғаны нақты көзімен көруге Президент әкімшілігінен Үкіметтен, тиісті жауапты органдардан арнайы комиссияның келуіне, тиісті көмектердің бөлінуіне ықпал етті. Елбасымыздың Үкіметтің, облыс басшылығының үлкен қамқорлығының арқасында жаңа екі ауыл салынды. Ислам Әбішев мырза ауылды жаңадан салуға бар күшін жұмсады, айналдырған 8 айдың ішінде тұтастай екі ауылға 400, қосымша басқа ауылдарға, 30 дан аса үй, көпірлер салынды. Екі ауылға да мектеп, амбулатория, почта әкімшілік ғимараттары, саябақ салынып барлығы замана талабына сай жабдықталды. Адам айтса сенгісіз жағдай, майда басталған құрлыс, қараша айына жетпей самаладай жарқыраған екі ауыл тұрғызылып ,тұрғындар қараша айында жаңа үйлерінде кірді. Міне Ислам Әбішев мырзаның халыққа жасаған ерен еңбегінің нәтижесі. Қай істі де аяғына дейін жеткізу, нақтылық, өтірік уәде бермеу, қарапайымдылық іскерлік міне ол азаматтың басына тән қасиеттер. "Өзге емес өзім айтам өз жайымды"-деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай біздің Ислам Әбішов туралы естіген емес көзімізбен көрген, өз құлағымызбен естіген, қолымызбен ұстап түпқопара айтар сөзімізді осы ашық хатқа шағындап жеткіздік. Ол Тарбағатайдың тумасы болмаса да туған ұлындай дәрежеге жетті, ол біздің ең Қүрметі азамтымыз болды, осы бір қиын қыстау сәтте қарлығаштың қанатымен су сепкендей жасаған жақсы істері мен қамқорлығын біз қалай ұмытпақпыз, жоқ ешуақытта ұмытпаймыз. Біз Ислам Әбішов мырзаға кінәсіз екеніне сенеміз. Ел еңсесі тік ұстар қазіргі заманда, өткенге ой салып өлшеп, адам құндылығын саралап, бағалап боямасыз жағдайға бейімдемей, өктем саясатқа жалтақтамай бір жерімен ши шығар, не біреуге кесірім тиеп деп қауіптенбей ой түйіп, Сіздер әділ шешім шығарады деген зор үміттеміз .

Өздеріңізге деген құрметпен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының тұрғындары:

Иманғалиева Айгүл Дәуірбекқызы-Табағатай ауданының құрметті азаматы, "Ерен еңбегі үшін"медалінің иегері, Ақсуат ауылының тұрғыны, Қоғам белсендісі, зейнеткер. Тел: 87024131296

Жұманбаев Жамбыл - Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, Жәнтікей ауылының тұрғыны, зейнеткер тел.87785019775

Төлегенов Есенбек – ҚР ауыл шаруашылығы су саласына сіңген еңбегі үшін медалінің иегері, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, Ақсуат ауылының тұрғыны, зейнеткер тел.87789813206

Кемербаев Бақытжан Ахметұлы - Таабағатай ауданының құрметті азаматы, Көкжыра ауылының тұрғыны, зейнеткер.тел87027050786

Қалибеков Талғат – Көкжыра ауылының тұрғыны ардагерлер кеңесінің төрағасы, Көкжыра ауылының тұрғыны, зейнеткер

Байгулакова Жанат Алдабергеновна – «Құтты-Қадам» шаруа қожалығының төрайымы, Көкжыра ауылының тұрғыны, зейнеткер тел.87029401120

Жансұлтанов Мейрамбек Қабдоллаұлы – Қоғам белсендісі, Қызыл Кесік ауылының тұрғыны. Тел.87753761505

Ожаров Нұрбек Советович - Қоғам белсендісі, Қызыл Кесік ауылының тұрғыны. Тел.87781184940

Каржиков Қалихан – Қызыл Кесік ауылдық округ қоғамдық кеңес төрағасы, Қызыл Кесік ауылының тұрғыны, зейнеткер.

Төлегетаев Еркін - Құмкөл ауылының тұрғыны ардагерлер кеңесінің төрағасы, Еңбек ардагері, зейнеткер тел.87785020056

Болысов Мақсұтхан - Ойшілік ауылының тұрғыны, ардагерлер кеңесінің төрағасы, Еңбек ардагері, зейнеткер.тел87757227256

Ығиев Жұмағали – Табағатай ауданының құрметті азаматы, «Ақбота» шаруа қожалығының жетекшісі, зейнеткер.тел87788272643

Елубаев Бақтияр Хамзаұлы – Жеке кәсіпкер, қоғам белсендісі, Желтоқсан оқиғасына қатысушы, Ақсуат ауылының тұрғыны тел87028434183

Мұқышова Қайныш – Ардагер ұстаз, Еңбек ардагері, қоғам белсендісі, зейнеткер.тел 87024131295

Оразғалиев Болат – ҚР спорт шебері, Табағатай ауданының құрметті азаматы, Ақсуат ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейнеткер.тел87017624483