Су шаруашылығы ардагерлері Ислам Әбішевті босатуды сұрады
2021 ж. 19 мамыр
1734
5
Қазақстан Республикасы
Нұр-Сұлтан қалалық
сот алқасына
Қазақ халқы «Жаңылмайтын жақ – сүрінбейтін тұяқ болмайды» дейді. Бүгінгі көтергелі отырған мәселеміз жаңылыстырайын десең өзіңді жаңылыстыратын, сүріндірейін деп аяқтан шалсаң мені шалдау деп артына да қарамай құлшынысы үдеп алға қарай ұмтыла беретін дарабоз бауырымыз Ислам Әлмаханұлы Әбішевті бостандыққа шығару. Осы бауырымыздың Сыр халқы үшін жасаған еңбектеріне тоқталып өтсек.
Қызылорда облысының экологиялық аймақта орналасқан Арал, Қазалы аудандарының 63 елді мекенінде шоғырланған 140 мыңнан аса халқы Арал – Сарыбұлақ топтық су құбырынан тіршілік көзі ауыз су пайдаланып келеді. Бұл топтық су құбырының құрылысы 1979 жылы сол кездегі Кеңестік үкімет заманында басталып, алғашқы кезеңі 1986 жылы пайдалануға беріліп Арал қаласына дейін су берілді. Одан кейін де екінші, үшінші кезеңдері жалғасып 1993 жылы Қазалы ауданының халқына таза ауыз су беріле бастады.
Осы Кеңестік кезеңде басталған жалпы ұзындығы 240 км жуық магистралды құбырдың тозығы жетуі салдарынан техникалық жағдайы өте нашар қалыпқа келіп Арал, Қазалы аудандарының халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мүмкіншілігінен айырылған кезде 2012 – 2013 жылдары, сол кездегі Су ресурстары комитетінің басшысы қызметін атқарған Әбішев Ислам Әлмаханұлының тікелей араласып табандылық танытқандығының арқасында 10,7 млрд теңге көлеміндегі қаражатқа Арал – Сарыбұлақ топтық су құбырының 194 км жуық магистралды құбыры қайтадан салынып, экологиялық апат аймағында қоныстанған халықтың таза ауыз суға деген сұранысы қанағаттандырылып, шөлдеген халықтың шөлі басылып бір мәселеміз шешілді деп бір желпініп қалды.
2014 жылы Ислам Әлмаханұлының тағыда тікелей араласып өзінің минситрліктердің арасында жүгіріп жүріп Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының 27 елді мекенінде қоныстанған 40 мыңға жуық халықтың ауыз су мәселесін шешетін жалпы құны 12 млрд. қа жуық қаражатқа Талап және Сырдария топтық су құбырларының құрылысының басталуына үлкен ат салысты. Осы екі топтық су құбырының біреуі Сырдария топтық су құбыры 2019 жылы пайдалануға беріліп Талап топтық су құбыры осы жылы пайдалануға беріліп, санитарлық нормаларға сәйкес келмейтін суды ауыз суға тұтынып келген халықтың көп жылдан келе жатқан армандарына қол жеткізіп игілігін көрейін деп отыр. Бұл жобаларда бюджетке кіреді, кірмейді деп екі ұшты болып тұрған уақытта осы азаматтың шырылдаған жанашырлығының арқысында енген болатын.
Ол кісі Су ресурстары комитетін басқарған уақытта, республика көлемінде атқарылған шаруалар қыруар, сақалды атанып кеткен нысандар іске қосылып халық игілігіне берілгендігінен де түрлі бұқаралық ақпарат құралдарынан естіп жүрміз.
Ол кісі бір шаруаны қолға алса күн, түн демей жұмыс жасап сол мәселенің түбегейлі шешіліп, ол мәселе бойынша енді қайтып оралмастай етіп жасайтындығы.
Халыққа деген шын ықыласымен атқарған жұмыстарының нәтижесі болу керек Өскемен қаласының әкімі лаумазымынан босағанда, қазақ бауырларымен бірге түрлі ұлттардыңда өкілдері аэропортқа келіп көздеріне жас алып шығарып салғандарында естіп жүрміз. Осындай еңбектерімен және су шаруашылығын қайтсемде аяққа тұрғызамын деген тың идеяларымен Елбасының қабылдауында екі мәрте болды.
Ислам Әлмаханұлы 2020 жылы оқталды деп 5 жылға бас бостандығынан айырылып кете барды. Бүгінгі таңда 3,5 жылын өтеп отыр. 2021 жылдың 20 мамырында болатын сот отырысында бұл азаматтың халыққа жасаған өлшеусіз еңбегі мен 65 тен асқан жасы ескерілсе және Сыр халқыда бұл азаматқа қолдау жасайды деп сенім білдіреміз.
Құрметпен,
Б.Қ. Еламанов,
Бұрынғы Сенат депутаты,
И.З. Оңғарбаев,
Су шаруашылығының ардагері,
А.Ж. Есенов,
Су шаруашылығының маманы
Қ. Есдәулетов,
Су шаруашылығының ардагері