Еврей неге арабтан ақылды болды?
2021 ж. 17 мамыр
3775
6
21 араб мемлекеті бар. Діні мен тілі бір. 21 мемлекеттің 21 қарулы күштері мен миллиондаған халқы бар. Ең көбі Мысыр халқы - 100 миллион адам. Барлығын жинасаң 300 миллион араб шығады.
Оған қоса қалған мұсылман әлемін қосыңыздар. 100 миллиондық Ираны бар, 200 миллиондық Пакистаны мен 250 миллиондық Индонезия дегендей. Африкадағы мұсылман Нигерияның өзі 170 миллион. Мұсылман әлемін уайымдап, лайк басатын 13 миллион қазақ сарбаздары да сақадай сай. Қысқасы барлығы жиналып, мұсылмандар миллиардтан асады.
Ал қарама-қарсы жақта 10 миллион болмайтын Израиль тұр. Білімі мен ғылымының арқасында, бүкіл араб өркениетін де, мұсылман әлемін де тізе бүктірді деуге болады. Әрине, өз-өзін жұбатушылар "Израильдің артында АҚШ тұр" дейтін шығар, бірақ кезінде 1967 жылы арабтар Израильге үш жақтан шабуылдағанда ("Алты күндік Соғыс"), арабтың артында КСРОның тегін қару-жарағы жатты. Арабтың артында Мәскеудің қолдауы жатты. Бірақ арабың түк те істей алмады. Не мандып соғыса алмады, не ғылыми жаңалық ашпады, не Нобель премиясын алмады. Қолынан келгені, бір-бірімен соғысып, мазхабқа бөліну.
Енді НЕГЕ? деген сұраққа келейік. "Еврей неге арабтан ақылды болды?", "Бір атадан (Авраам/Ибраһим) тараған екі халық қалай осыншама бір-біріне ұқсамай кетті? деген сұраққа мен жауапты 2016 жылға дейін нақты білмедім, ал 2016 жылы жауабын тапқан сияқтымын.
Британияда оқығанымда, группада Оман мен Кувейттен келген екі курстас жігіт болды. Сонымен қатар Польша мен Чехиядан келген екі курстас қыз болды. Бірақ ол қыздар Польша мен Чехиядан келсе де, өзін "этникалық еврей" екенін жасырмады. Мойындарында "Давид жұлдызы", Футболкасында "Еврей жазулар" деген сияқты. Сөйтіп оқып жүргенде, сабақ үстінде сөзден-сөз шығып: "Сіздерде неше атадан үйленуге болады?" деген сұрақ пайда болды. (Мен ғой баяғы, бәрін қоздырып отырған).
Оман мен Кувейттен келген екі жігіт, "біздің әйелдеріміз біздің қарындастарымыз" деп лақ еткізді. Барлығы деликатты түрде үндемеді. Бірақ мен түсінбегендей: "Қалай туысқан болады? Түсіндіріп берші" дегенде, біреуінің әйелі туған бөлесі (аналары родной), екіншісінің әйелі двоюродный (жігіттің әкесі мен қыздың шешесі родной) болып шықты.
Кезек қытайларға келді. Қытай курстастар "3-4 атадан үйлене береміз" деп қысқа қайырды. Содан кейін группадағы жалғыз жапон қыз болған, ол 6 атадан үйленеміз, "әке-шешем 6 атадан туыс" деп жауап қатты. Мен өзімше "Біз Жеті ата күтеміз, көшпенділер анандай-мынандай" дегенімде, екі еврей қыз "Бізде 12 буынға дейін үйленуге болмайды" деп сақ еткізді.
Мүмкін Польша мен Чехияның еврейі сондай ма, мүмкін өтірік айтты ма, нақтысын детальдап сұрамадым. Бірақ сол күні кеше ойланып отырып, еврейлердің ақылдығы мен әржақты болуы, сол 12 атаға дейін үйленбеуінен бе? "Қазақтың Жеті атадан үйленгені тым жақын емес пе?" деген философиялық сұрақтар да пайда болды.
Бүгінгі Таяу Шығыстағы арабтың боркеміктігі мен ебедейсіздігі және еврейлердің пысықтығы мен ептілігі, сол қан араласудан басталатын сияқты. Өз ойым.
Самат Нұртаза,
Қазақ үні