Ағалары гей жігіттің басын кесіп тастаған
2021 ж. 13 мамыр
18100
0
20 жасар ирандық Али Фазели Монфаредтің ағалары оның гомосексуал екені туралы білген кезде өлтіріп, басын кесіп алған. Бұл туралы Iran International жергілікті радиостанцияға сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы
Екі немере ағасы мен жас жігіттің туған ағасы көгілдір деп таныған інілерін ар-намыстан өлтірді деп болжануда. Олар оның гомосексуал екенін олардың үйіне пошта арқылы келген анықтамадан білді: жас жігіт өзінің Иран армиясындағы әскери қызметке алынбауы үшін ол өзге жігіттерден өзгешелігі бар екенін алға тартқан, деп жазады Лента.ру.
Монфаред отбасымен тұрмаған және әскер құжаттарын жинау үшін үйіне келген. Оны өлтірген ағалары туысын көлікке салып алып, содан кейін анасына хабарласып, жалғыз ұлының денесін қайдан іздеу керектігін айтқан.
Күдіктілердің үшеуі де ұсталғаны хабарланды.