ҚАЗАҚҚА ҚАЗАҚША ҚҰЖАТ БЕРГЕН МЕКЕМЕГЕ АЛҒЫС АЙТАЙЫҚ!

ҚАЗАҚҚА ҚАЗАҚША ҚҰЖАТ БЕРГЕН МЕКЕМЕГЕ АЛҒЫС АЙТАЙЫҚ!

Ал қазақша құжатқа қарсы “қазаққа” қарғысты халық өзі айтып жатыр!

Төлқұжатының қазақша болғанына наразы қыздың бейнежазбасы facebook желісінде тарап кеткен болатын. Ол Саматқызы емес, Саматовна болғысы келген, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Бұл оның жаңадан алған құжаты екен. Желіні шулатқан қыз қазақша мүлде сөйлемейтінін алға тартып отыр. Оның орыс тіліндегі төлқұжат алғысы келген. Алайда оған қазақша құжат берілген. Бұл бейнежазбаға наразы болған жұрт оны сынның астында қалдырды,- деп жазады сайт. Негізі Қазақ ұлтына Қазақша құжат берген Халыққа қызмет көрсету орталығына тиісті мемлекеттік органдардан бастап, бәріміз Алғыс жариялауымыз керек! Ал атасы азан шақырып қойған әкесінің қазақша атын қабылдамай жатқан “қазаққа” қарғысты халықтың өзі айтып жатыр! Құдай халықтың қарғысынан сақтасын! P.S. Қазаққа қазақша құжат берген ХҚКО-ның нақты мекенін, құжатты толтырған қызметкердің аты-жөнін анықтап, Алғыс айтайық! Қазыбек Иса, Қазақ үні