«Парасат жолы» орталықтарының жұмысы туралы

«Парасат жолы» орталықтарының  жұмысы туралы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылғы 19 тамыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты, өткен жылдың 21 тамызынан бастап Агенттіктің бастамасымен Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық академиялық кітапхана базасында ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерімен «Жұмадағы жүздесу» атты тікелей эфирлер өткізіле бастады. Қоғамда адалдық қағидаларын енгізу, адам бойындағы парасаттылық арқылы жемқорлыққа қарсы мінез - құлықтың үлгісін қалыптастыру - азаматтық қоғаммен тығыз қарым қатынаста болғанда ғана мақсатына жетеді. Халық арасында кеңінен таралған мұндай кездесулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық бастамаларлдың өзіндік «фабрикасы», жастардың ғалымдармен, ақын-жазушылармен қоғам қайраткерлерімен кездесу орнына айналды. Осы жұмыстарды жүйелеу мақсатында және де жаңа серпін беру үшін, агенттіктің «Адалдық алаңы» жобасы аясында елордада ағымдағы жылы 8 қаңтарда Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Ұлттық академиялық кітапханада «Парасат жолы» орталығы ашылды. «Парасат жолы» - адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба. Парасаттылық идеологияны насихатау мен ілгерілетудің маңыздылығын ескере отырып, бүкіл республика бойынша кітапханалар базасында «Парасат жолы» орталықтарын ашып, елордалық тәжірибені барлық өңірлерге тарату туралы ағымдағы жылдың 3 ақпанында шешім қабылданды. «Адамды адам еткен − кітап, адамзат еткен − кітапхана» - деп халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы атап өткендей, «Парасат жолы» орталықтарының руханият шаңырағы, ізгіліктің, әділдіктің, парасаттылықтың ордасы - кітапханада ашылуы - ол заңдылық. Бүгінгі күні республика бойынша барлығы                                      4077 орталықтар ашылды, оның 3878 - кітапханалар базасында, 199 - оқу орындарында. Орталықтар ашылғалы бері 8 мыңға жуық шара өткізілді, олардың ішінде кездесулер, тікелей эфирлер, әдеби кештер, пікір-таластар, кітап көрмелері, жыр сағаттары, басқа да жиындар. «Парасат жолы» орталықтарының әдістемелік жұмысын Ұлттық академиялық кітапхана үйлестіріп отыр. Республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі ​ қоғам қайраткері, жазушы Сәдібек Түгелмен бірге наурыз-сәуір айларында Шығыс Қазақстан, Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында болып, өңірлердегі орталықтардың жұмыстарымен танысып, зиялы қауым өкілдерімен, тұрғындармен кездесулер өткіздік. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» орталығында  ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгереева апамыз бастаған бір топ зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткіздік. Жаңақала аудандық кітапхана мен Ақжайық ауданы Жұбан Молдағалиев атындағы өнер үйінде тұрғындармен келелі кездесулер өтті. Маңғыстау облысында Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық кітапханада ашылған «Парасат жолы» орталығында ұжыммен, Әбіш Кекілбаев атындағы облыстық тарихи – өлкетану мұражайында зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлерімен кездесуде жастардың бойында парасаттылық қағидаттарын қалыптастырудағы рухани құндылықтардың, ұлттық құндылқтардың рөлі талқыланды. Ежелі Тараз өңірінде де зиялық қауыммен кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жайында пікір алыстық. Осы өңірдегі ақын апамыз Ғайни Әлімбекқызы қоғамда парасаттылықтың деңгейін көрсету ең алдымен рухани мекен – кітапханалардан бастау алатынын жеткізді.   Шохан Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» жобасы аясында белгілі жазушы, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Берік Шаханұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Ертіп міндім асыл сөздің дүлділ атын...» ойтолғам кеші өтті. Байзақ ауданында «Байзағым-Бақ мекенім» атты әдеби композиция,  Жамбыл аудандық кітапханада «Ата-баба сөзі – даналық көзі» кеші ұйымдастырылды. Дәл осындай бастамалар Шымкент қаласында болған іс-сапарымызда Әл-Фараби атындағы қалалық әмбебап кітапханасында өңірдің игі жақсыларымен жалғасты. Белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының иегері Мархабат Байғұт ағамыз жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз пікірін білдіріп, «Парасаттылықтың қайнар көзі – қазақтың көркем әдебиеті» дей отырып, осы көркем әдебиет арқылы бірлесе парасаттылықты дәріптеудің маңыздылығын айтып өтті. Түркістан облысында Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасындағы «Парасат жолы» орталығында жергілікті зиялы қауым өкілдері, тұрғындармен арнайы сұхбат өткізілді. Атырауда Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ашылған «Парасат жолы» орталығында өңірдің зиялы қауымымен, Ақтөбе облысында Баспасөз үйінде жергілікті ғалымдар мен ақын-жазушыларымен кездесу өтті. «Парасат жолы» орталықтарының жұмысына еліміздің белгілі зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері белсенді қатысуда. Атап айтатын болсақ, филология ғылымдарының докторлары, профессорлар  Әділ Ахметов, Серік Негимов, Шәкір Ыбыраев,  Шерубай Құрманбайұлы, Темірхан Тебегенов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Үмітхан Мұңалбаева, ақын, жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баянғали Әлімжанов,  ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының иегерлері  Ақұштап БақтыгерееваМархабат Байғұт, Әділғазы Қайырбеков,  сатирик Көпен    Әмірбек,  жазушы, журналист, мемлекет және    қоғам    қайраткері Шалатай Мырзахметов, ақын, филология ғылымдарының кандидаттары Оңайгүл Тұржан мен Жанат   Әскербекқызы, ақын Қайырбек Асанов, ардагер журналист Қалыбек Атжан, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Дәулеткерей Кәпұлы, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Маржан Ершу, «Бауыржантану» ғылыми-орталығының қызметкері Бекет Момынқұл, танымал театр және кино актерлері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерік Жолжақсынов, Ғани Құлжанов, Ернар Жұматаев, Әділ Ахметов, жас ақындар Мирас Асан, Табиғат Абаилдаев, Жұматай Көксубайұлы, Шапағат Әбдір, белгілі журналист Әсет Әссанди  осы жұмыстарға ерекше ықыласпен қолдау көрсетуде. Аталған жұмыстарды жандандыру бағытында мәдениет және спорт саласындағы шығармашылық одақтармен, түрлі ұйымдармен тығыз жұмыс атқаруды жоспарлап отырмыз. Ж. Жылқышиева, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі