АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРІ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ БЕРІЛМЕЙДІ!

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРІ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ БЕРІЛМЕЙДІ!

Ал ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЖЕР ИЕЛЕНУІ МӘСЕЛЕСІН ҮКІМЕТ КОМИССИЯСЫ ШЕШЕДІ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРІ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ БЕРІЛМЕЙДІ! Ал ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЖЕР ИЕЛЕНУІ МӘСЕЛЕСІН ҮКІМЕТ КОМИССИЯСЫ ШЕШЕДІ Ең бастысы Жердің шетелдіктерге сатуға да, жалға да берілмейтіні белгілі болды. Бірақ Жер мәселесіндегі түйткілді сұрақтар түгел шешілген жоқ әлі. Сондықтан да дау басылмай тұр. Біріншіден, 14 сәуірдегі Жер кодексіне өзгерістер енгізу Қазақстан Президентінің заң шығару бастамасы тәртібі бойынша іске асырылды Екіншіден, алдымен Президенттің жер заңына байланысты тапсырмасының тақырыбы не екеніне назар аудару керек. Ол -АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ жерлерін ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ жеке меншікке және жалға ИЕЛЕНУІ туралы баптарға өзгерістер енгізу. Сондықтан сол баптар ғана өзгертілді. Яғни, Мәжілістің жалпы отырысы ҚР Президенті тапсырмасымен 2016 жылғы елді көшеге шығарып, ақыры 5 жылға мораторий жарияланған Жер туралы Кодекстің түйткілді баптарын шешті. Жеріміздің 80% болып табылатын ауылшаруашылығы жері «шетелдіктерге сатуға да, жалға да беріледі» деген бапты – «шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де болмайды» деп өзгертіп дауыс беріп бекітті. Мысалы, ел түсінбей, "Мәжіліс бекітіп жіберді" деп, кейбіреулер заң жобасынан кесіп алып көрсетіп, наразылық танытып жатқан Қазақстан азаматтарының жерді жеке меншікке иелене алуы туралы Жер кодексінің 24-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне келейік. Кім болса да бұл Мәжілістегі таяуда өзгертілген норманы келтіргесін, оның бұрынғы нормасын да келтіру керек еді мәселе елге айқын болуы үшін. Онда бұрынғы нұсқасында "ШЕТЕЛДІКТЕР... АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕР учаскелерін 25 жылға дейінгі мерзімге жалға алу арқылы уақытша иелене алады"-деген норма бар еді, сол алынып тасталды. Яғни, шетелдіктерге жалға да берілмейтін болды. Біз соған, сондай оң өзгеріске дауыс бердік. Ал "Қазақстан азаматтарына Кодексте белгіленген тәртіппен жеке меншікке беріле алады"-деген тармағы Үкімет комиссиясында қаралуда. 2016 жылы жер дауы көтерілген кезде «Ақ жол» партиясы да өзінің нақты ресми ұстанымын білдіріп, жерді шетелдіктерге сатпау ғана емес, оны шетел азаматтары мен компанияларына жалға да бермеу туралы ұсыныс жасаған болатын. Бұл ұстанымды партиямыздың Саяси Бағдарламасына да енгіздік. Өкінішке орай, біздің бұл ресми ұсынысымыз белгісіз себептермен Үкімет комиссиясының қорытынды хаттамасына енбей қалды. Тіпті көбі біздің пікірімізді түсінбей, осы сайлау алдында өткен теледебаттарда басқа партияның өкілдері сұрақ қойған кезде партия төрағасы Азат Перуашев нақтылап түсіндіруге мәжбүр болды. Ал биылғы жылдың 20 қаңтарында «Ақ жол» партиясы Үкіметке Жер кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізіп, елді алаңдатқан жер дауының шешілуіне нүкте қойылу керектігі туралы депутаттық сауал жолдаған болатын. Ал содан соң биылғы Ұлттық кеңестің бесінші отырысында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ауылшаруашылығы жерін шетелдіктерге беруге тыйым салу туралы тапсырмасы шықты. Жер мәселесіндегі басқа түйткілді баптар, мысалы, Қазақстан азаматтарына да жердің сатылуы/сатылмауын сол үшін құрылған, 80 адамнан тұратын ҮКІМЕТ КОМИССИЯСЫ шешеді. Бұл туралы Президент көмекшісі, Президент жанындағы Ұлттық кеңес хатшысы Ерлан Қарин жақсы түсіндіріп берді. Қазір сол жермәселесін шешу үшін комиссияда талқылау, айтыс жүріп жатқанын көріп, оқып отырмыз ғой бәріміз. Үшіншіден, «Орманды жерлер шетелдіктерге беріледі екен, ондай ұсыныс жасағандар ішінде «Ақ жолдың» депутаттары да бар екен» деген Мұқтар Тайжан кейін «білмей қалдым, түсінбей қалдым» деп, ол постын фейк ретінде алып тастады. Ал оның сол жаңсақ, жалған жазылға постын жалаулатып алып кеткен Жанболат Мамай дегендер халыққа Тайжан айтқандай ол бапқа "Ақ жол" партиясының қатысы бары өтірік екенін білсе де, әлі таратып жүр... Иә, бірі өтірік білмегенсіп әдейі айтып, шын түсінбей таратып жүргендей шетелдіктерге бұл орманды жерлер емес, орман өсіретін жарамсыз жерлер жалға беріледі деп жазылған онда. Бұл анық қай облыста, қай жер екені көрсетілген, мысалы Арал теңізінің түбі, тб «жарамсыз жерлерді ағаш отырғызу үшін шетелдіктерге шектеулі уақытқа жалға беруге болады» деген норма Жер туралы заңда 2007 жылдан бері бар екен, оған енгізген жаңа өзгеріске де "Ақ жолдың" қатысы жоқ. Ал 2007 жылы парламентте «Ақ жол» партиясының фракциясы болған жоқ, фракция 2012 жылғы сайлаудан кейін қаңтар айында құрылды. Сонда «Ақ жол» парламент құрамында болмаса, қалай заңға ұсыныс жасайды? Мектеп баласы да біле алатын мұндай қарапайым сұрақтарды «саясаткерміз»деп тақыр жерден шаң жүргендердің түсінуге миы жетпесе, айтар артық сөзіміз жоқ. Қасиетті қазақ жерінің, ол орман өсіре ме, егіс еге ме, жоқ тіпті жарамсыз жер ме, әр қадамы қастерлі екенін, бабаларымыз қасық қаны қалғанша қорғап қалғанын ұмытпайық!. Билік халықтың талабымен санасуы керек. Мораторий қабылданғанға дейін біріккен кәсіпорындарға жалға беріліп кеткен 74,4 мың гектар, шетелдік азаматтарға жалға берілген 18,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерінің мерзімі 2022-2025 жылдары аяқталады да,жер мемлекетке қайтарылады. Ал мен өз басым Жер туралы Үкімет комиссиясының мүшесі емеспін. Мәжілістің жұмыс тобының да мүшесі емеспін. Жер туралы заң жобасын қараған бас комитет -Аграрлық комитетке де мүше емеспін, Әлеуметтік-мәдени комитеті мүшесімін. 80 адамнан құралған Үкімет комиссиясында бізден бір ғана адам бар. Тіпті, комиссияда барлық парламенттік партиялар төрағасы болса да, «Ақ жол» партиясы төрағасы Азат Перуашев та жоқ... Негізі менің өзімнің жеке пікірім - ауылшаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға да сатуға болмайды, тек жалға беру керек. Бір ғана формула - Жер иелену құқы мемлекетте болуы тиіс, ал жер пайдалану құқы ғана өз азаматтарымызға белгілі мерзімге жалға берілуі керек. Ғарышта бір кемшілік болса оған жердегі Қазыбек Иса кінәлі дейтіндерге де, қандай мәселе болса да, бізден үміт күтетін (құдайға сансыз шүкірлік) қалың елге де айтатын жауабым әзірге осы! Қазыбек ИСА, Қазақ үні