Рамазан - қайырымдылық айы

Рамазан - қайырымдылық айы
БҚО бойынша ҚАЖ Департаментіне бағынысты РУ-170/3 мекеме әкімшілігі мекеме аумағында сотталғандарды ақылы жұмыспен қамтамасыз етіп отырған жеке кәсіпкерлермен бірлесе отырып, сотталғандар тіккен індеттен қорғануға арналған бетперделер, микроб өткізбейтін киімдер мен қалаттар және жеке қорғану құралдарын қалалық «Қарттар мен мүгедектерге қоғамдық – медициналық көмек беру» мекемесіне індет басталғалы көмек беріп келеді. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсетеді. Рамазан айында «Нұрдәулет» жеке кәсіпкерлік ұжымының директорымен бірлесе мекеме әкімшілігі «Қарттар мен мүгедектерге қоғамдық – медициналық көмек беру» ММ-де тәрбиеленіп жатқан қарияларға әдеттегідей қамқорлығын көрсетті. Індеттен қорғануға арналған қажетті құралдарын табыс етті. Қарияның көңілі болмашыға қуанады емес пе? Есесіне көңілі күйі көтерілген қариялардың өмірге деген сүйіспеншілігі артып, індетке қарсы иммунитеті артады. Сыйлық тарту еткен мекеме басшыларының мақсатыда осы ғой. 170/3 мекеме әкімшілігінен мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі С.Т.Сахметов өзінің жүрек жарды тілегін, осы аз ғана ғұмырда отбасынан жырақта жүрген егде адамдардың жүрегіне жылулық нәрін сусындатып, үлкенге жасалған құрмет келешектегі ұрпақтың беделі екенін тілге тиек етіп, қарияларға жылы лебізін білдірді. Сыйлықтар алған егде адамдар өз ықыластарын, жылы сөздерін, қызметкерлердің шыжығы мен қиындығы мол жұмыстарына табыс тіледі. «Рамазан айында қайырымдылық жасау әр адамның парызы. Қайрымды істеріміз көп болғай» дейді ұйымдастырушылар. Батыс Қазақстан облыстық Қылмыстық –атқару жүйесі департаментінің Баспасөз қызметі