Елбасы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айтты

Елбасы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің әкесі Мяликгулы Бердімұхамедовтің өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

«Жақын әрі сүйікті адамыңыздан айырылу орыны толмас қайғы. Сізге және жақындарыңызға сол ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.  Саналы ғұмырын Түрікменстан халқының игілігіне арнаған әкеңіздің жарқын бейнесі оны білетін адамдардың жүрегінде әрдайым сақталады деп сенемін», – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан да көңіл айту жеделхаты жолданған болатын.