COVID-19 індетінен құтылу жолы - вакцина

Былтыр короновирус басталғанда елді осы вакцина мәселесі де қатты  толғандырған еді. Індеттен сақтану, құтылу амалдарын шарқ ұра іздегенде қаперде екпе мәселесі екіұдай күйде тұрып алғаны да рас. Вакцинаны жасап шығарғанша бір ай, мүмкін одан да көп уақыт керек деп те жатты ел. Араға жыл салып қытай фармакологиялық компаниялары қытай вакцинасын, ресей «Спутник-V»  екпесін жасап шығарды. Ел құтын қашырған COVID – 19 індетінен құтылудың бірден бір жолы - вакцина. Бұл күні жұрт COVID – 19 індетіне қарсы жаппай екпе алып бастады. Әдеттегідей вакцинаны белсенді түрде алғашқы болып салдырып жатқан әскери сала офицерлері мен мекеме қызеткерлері болып отыр. Оның дәлелі, Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару – жүйесі департаментіне қарасты 170/3 мемлекеттік мекемесінің басшысы, әділет полковнигі Ертай Шәкеновтың айтуынша, осы күнге дейін мекеме толық құрамымен 90 пайызы вакцина қабылдап үлгерген.  Және, 170/3 мемлекеттік мекемесінің әскери мамандары жеке құрамымен қызметкерлері жаппай короновирус індетіне қарсы вакцина алуды жалғастыруда деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің баспаөз қызметі. Вакцина жасаушы фармакологтар тағлымы екпе екі рет егілгенде ғана бойдағы індетті жойуға толық әсер етеді дейді.  Сол себепті, бұл алып жатқан вакцинаның бірінші кезеңі. Ресей жасап шығарған «Спутник - V» екпесін әуелі бас бостандығынан айырылғандармен тығыз қарым – қатынаста болып, келушілермен әңгімелесетін індет жұқтыру қаупі зор топ санатына жататын  топ басшылары мен мекеменің жедел әрекет қызметі мамандары алуда. Мекеме дәрігерлері алдын ала екпе алушылардың әуелі қан қысымы мен дене қызуын өлшеп, тексеріп барып екпеге рұқсат берген. Екпеден кейін әскерилер мен қызметкерлердің жалпы денсаулығын, көңіл- күйін қадағалап отырған дәрігерлер «Вакцина алғандар жұмысын жалғастыра береді және дәрігердің бақылауында болады» дейді. Бірінші болып вакцина қабылдаған мекеме басшысы, әділет полковнигі  Ертай Шәкенов, «Дәрігерлік тексеруден өткесін вакцинаның бірінші кезеңін алдым. Өзімді жақсы сезінудемін. Жұмысымды қалыпты түрде жалғастырудамын. Енді, жалпы ережеге сай, жиырма бір күннен кейін, екпенің екіншісін қабылдаймын» дейді ол. Батыс Қазақстан облыстық Қылмыстық –атқару Жүйесі департаментінің баспасөз қызметі