МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАУ МӘСЕЛЕСІ СЕНАТТА ДА ЖАЛҒАСУДА (видео)

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚҰНЫ -0 (НӨЛ) екені әшкере болды


ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ ҚОРҒАУ ҚОЛҒА АЛЫНА БАСТАДЫ

ҚР Парламенті Сенатында "Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу - кешенді жаңғырудың негізі" тақырыбына арналған Парламенттік тыңдау өтуде. Парламенттік тыңдауды Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев алғысөзбен ашты. Негізгі баяндаманы сенатор Бақытжан Жұмағұлов жасады. Ана тілі туралы заң қабылдау туралы айтып қалды.

Айта кету керек, 2021 жылы 3 ақпанда ҚР Парламенті Мәжілісі жалпы отырысында “Ақ жол” фракциясы мүшесі Қазыбек Иса мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау, ол үшін Конституцияда қазақ тіліне жекедара мәртебе беру туралы депутаттық сауал жасаған болатын. Енді міне, бұл еліміз үшін ерекше өзекті тіл мәселесі Сенат қабырғасында да айтыла бастады.

Ұлттық тәрбие жайлы белгілі ел ағасы Өмірзақ Озғанбаев баяндады. Қазақ тілі туралы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директоры Анар Фазылжанова, Жоғары білім жөнінде Рахман Алшанов баяндады. Мемлекеттік тіл, жер және әдеби-мәдени, руханият туралы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ulugbek Yesdaulet маңызды баяндама жасады. Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдамаса, тіліміздің дамымайтынын атап өтті Ұлықбек Есдәулет. Одан соң Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасы орынбасары Майя Бекбаева, ұлттық тарихымыз жөнінде Дархан Қыдырәлі баяндама жасады. Талқылауда алғашқы болып белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов сөйледі. Одан соң вице-премьер Ералы Тоғжанов өз ойын білдірді. Рауан Кенжеханұлы интернет жүйесіндегі қазақ тілінің рөліне тоқталды. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚҰНЫ -0 (НӨЛ) екені енді Сенатта әшкере болды Ал Элина Паули мемлекеттік қызметке тест тапсырарда оған: «Қазақ тілінен еш қорықпаңыз, бәрібір қандай жауап берсеңіз де, нөл қоямыз»-дегенін естіп қатты наразы болғанын жеткізді. Көрдіңіз бе, Мемлекеттік қызмет агенттігінде мемлекеттік тіл бағаланбайды. Бұл туралы «Қазақ үні» газеті үш жыл бұрын «Қазақ тілі – 0 (нөл)» деген тіл күрескері Жасұлан Исаның мақаласын жариялаған болатын. Енді міне, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚҰНЫ -0 (НӨЛ) екені Сенатта әшкере болды. Қазақ айтса тыңдағысы келмейтін біздің билікке мұндай масқараныи өзге ұлт өкілі айтып берді. Негізгі тақырыптар - Тәуелсіздік, мемлекеттік тілдің басымдығын қамтамасыз ету, жер тұтастығы, қандастарды елдің солтүстігіне көшіру, мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарда мектепке дейінгі білім мекемелерінде мемлекеттік тілді толық қолдану және тб ұлттық мүддені қорғау шаралары. Шынайы деректерге құрылған көп томдық қазақ тарихын жазу және ұлттық мүдде тұрғысынан "Қазақстан тарихын" қайта жазу мәселесі көтерілуде. Яғни, Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың қоғамды жаңғырту және Қазақ тілін ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналдыру бастамалары қарқын ала бастады деуге болады. "Ақ жол" партиясы көтеріп жүрген ұлттық мүддені қорғау мәселелері, Мемлекеттік Тіл туралы заң қабылдау, Жер тұтастығы, Ұлы көшті жаңғырту, ұлттық тарихымызды қайта жазу, тб құндылықтар енді Сенатта да жалғасын тауып жатқанын қуана қолдаймыз. Өйткені, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев атап айтқандай, "Ұлттық құндылықтар ұлықталмай, жаңғыру мүмкін емес". https://qazaquni.kz/kogam/157054-ana-tilimiz-turaly-zang-qabyldau-masel