ДҮЛДҮЛ ЖУРНАЛИСТ ДҮРӘЛІ АҒАМЫЗ ЕДІ...
2021 ж. 23 наурыз
1545
1
Қазақ спорты журналистикасы ауыр қазаға ұшырады. Спорт журналистикасы десе, аты алғашқылардың бірі болып аталатын атпал ағамыз Дурәлі Дүйсебайды жұртшылық бүгін ақтық сапарға шығарып салды.
Алла алдынан жарылқасын! Дүлдүл спорт журналисі Дүрәлі ағамыз Ұлт мүддесін қорғап та қалам сілтеп жүрді. "Коронавирус кезінде қазақша сөйлеу міндетті емес" деген құлдық вирустарға қарсы алғаш аттан салған ағамыз еді. Ол мәселені одан кейін біз майдан алаңына айналдырып, тойтарыс беріп, тосқауыл қойдық.
Пейіште нұры шалқи бергей!
Отбасына, туған-туыстарына, қазақ журналистикасына көңіл айтамыз.
Иманы саламат болсын!
Қазыбек Иса,
Қазақ үні