Наурыз шуағы
2021 ж. 15 наурыз
727
0
Жер әлемді түлетіп, түрлендіріп Наурыз мерекесі келіп жетті. Қыстан амалдап аман шыққан ел- жұрт «Амал келді» деп бір –бірімен көрісіп, қауышып, сәлемдесіп жатыр. Бір –біріне қуанысып жылы лебіз білдіріп, жан шуағын төгуде. Бұндай адамзаттық, қазақылық ізгілікті істен түрмедегілер де шет қалып жатқан жоқ. Осы келіп жатқан Сиыр жылындағы көрісіу, амал күніне орай 12 наурыз күні ҚАЖД Батыс Қазақстан облысы бойынша РУ-170/2 мекемесінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай сотталғандар арасында "Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу" атты сайыс өткізілді.
Ақын өлеңдеріне арналған поэзия кешін әлеуметтік- психологиялық тәрбие жұмысы бөлімі мен «Кешкілік мектептің» ұстаздары ұйымдастырды.
Сайысқа 10 адам қатысты. Олар ақиық ақынның "Үш бақытым", "Жастық", "Аққулар ұйықтағанда" тағы басқа белгілі өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Өмір шындығын, өмір күресін, адалдығын айнытпай жырлаған ақын жырларын оқығанда, сотталғандардың көз жанарынан өмірде қия басқан сәттеріне өкінгендей болған көзқарас байқалды. Енді бірінің бойынан өлең өнерін жанымен сезінетін бейімділік байқалып жатты.
Сайыстың мақсаты да осындй өнерге құштар жандардың өмірге, өнерге сүйіспеншілігін жоғалтып алмауына дем беру еді. Және, лирик ақынның өлеңдері арқылы азаматтарды елге, ұлтқа жанашырлыққа тәрбиелеп, патриоттыққа баулу мақсатымыз.
Кеш соңында қазылар алқасы қортынды сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларды мақтау қағаздармен марапаттады. Осындай тәрбиеге толы игі шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.