АҚЫЛЫМЕН АРУЛАР ДАНА ДЕРМІН
2021 ж. 05 наурыз
703
0

Халық қалаулысы, Президенттікке үміткер тұңғыш әйел Дәния Мәдиқызына
18-ге бергісіз Алпысыңыз, Құтты болсын, бұл әлі тал түсіңіз! Жалғандықпен жалғанда жағаласып, Жалғасуда ел үшін тартысыңыз! Жақсылыққа арналсын бар күшіңіз! Құтты болсын екі 30-Алпысыңыз! Еңбегіңнің өтеуі жемісінде, Бұрыстықпен келмейсің келісімге, Сондықтан да көп бүгін жеңісің де! Патшалықққа таласқан тұңғыш әйел- Патшайымға айналдың ел ішінде! Желге де өңін бермеген сенсің қайың, Үміт артар десе егер ел шыңдайын. Ер Әлихан туған күн туыпсың ғой,- Ақ жол алдан ашыла берсін дәйім. Халықтың мол алғысын ала бергін! Ақылымен арулар дана дермін. Әлем тербеп жүрсең де, әйелсің ғой - Көкемнің көп көңілін таба бергін! Құрметпен, Қазыбек Иса 05 наурыз 2021 жыл