Алматылық әйел Сағынтаев басқаратын әкімдік қызметкері күйеуін өлтіргенін айтты (видео)
2021 ж. 01 наурыз
2807
0
Алматы қаласының тұрғыны Ажар Абдрешева қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа күйеуі Кенже Байниязовтың өлмініе қатысты істі бақылауына алуды өтінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ер адам 22 ақпанда өз үйінің ауласында жүрегіне пышақталып қайтыс болған.
«Оны (Кенже Байниязов - А.Р.) әкімдік қызметкері, дәлірек айтсақ, Алматы қаласы әкімдігінің бас есепшісінің жеке жүргізушісі өлтірді. Қазіргі уақытта менде Уметалиев Сұлтанның артқы датамен, яғни 2021 жылы 18 ақпанда жұмыстан шығарылғаны туралы ақпарат бар. Кісі өлтіру кезінде ол қызметтік көлігімен келген, бұл қазірдің өзінде 22 ақпанда оның Алматы әкімдігінің қызметкері болғандығын дәлелдейді», - деді әйел.
Жәбірленушінің жесірі әкімнен істі өзінің жеке бақылауына алып, қызметтік тергеу жүргізуін сұрайды.
Ол жеке жүргізушісі күдікті болып табылатын қалалық әкімдік, атап айтқанда әкімдіктің бас есепшісі, өз қызметкерінің бұл іске қатысы бар екенін жасыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр деп санайды.
«Менде Уметалиев Сұлтан өзінің психикалық жағдайы туралы анықтама дайындап жатқаны, сол арқылы жазадан құтылғысы келіп жүргені туралы ақпарат бар. Бақытжан Әбдірұлы, мен сізден жеке бақылауыңызға алуыңызды сұраймын, маған әділдік керек, маған әділ сот қажет», - дейді Ажар Әбдірешева.
Марқұм Кенже Байниязовтың артында екі баласы, 6 және 11 айлық ұлдары қалды.
Алматы полициясы департаменті бұл факті негізінде Алатау аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram