Вакцинацияға қарсы шығушылар хайп қуып жүргендер – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вакцинацияға қарсы шыққандардың көзқарастарының тұрақсыздығынан үрейленгенін айтты, деп хабарлайды baq.kz. Өкінішке қарай, бүгінде біз қоғамдық талқылау деңгейінің төмендегеніне куә болып отырмыз. Кейбір қайраткерлеріміз хайп жасап,ашық популистік мәлімдемелермен азаматтарды адастыруы жиіледі. Оның жарқын үлгісі - вакцинацияға қарсылық білдіруге шақыру. Әр түрлі әлеуметтік маңызды мәселелерді талқылауға біржақты көзқарастар қалыптасып отыр - деді Тоқаев Ұлттық сенім кеңесінің отырысында. Оның айтуынша, мұның бәрі қоғамның дезориентациясына алып келеді, бір-біріне деген сенімсіздік атмосферасын тудырады. Сонымен қатар сайып келгенде, ұлттың алға жылжуына кедергі келтіреді. Мұндай жағымсыз көріністердің басым тенденцияға айналуына жол берілмейді. Қоғамдық белсенділік - бұл жоғары миссия. Бірақ сонымен бірге бұл, ең алдымен, азаматтардың алдындағы жауапкершілік. Адам сөзі мен ісіне жауапты болу керек, - деді Тоқаев.