Тоқаев: Жастарды құмар ойынның зиянды әсерінен қорғауымыз керек
2021 ж. 25 ақпан
1053
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақтв құмар ойындардың зиянды әсерінен қорғау керектігін айтты.
Бұл туралы «Қазақ үні» хабарлайды.
- Біз жас ұрпақты құмар ойынның зиянды әсерінен қорғауымыз керек. Мәселені шешу үшін жаңа әдістерді қолдануымыз қажет. Балаларды ойынға тарту немесе оған рұқсат беретін заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс. Қажет болса, олардың лицензияларын қайтарып аламыз, - деді Тоқаев Ұлттық сенім кеңесінің бесінші отырысында.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жыл сайын елімізде 2,5 мың әйелдерге қатысты іс тіркелетінін айтып, зорлық-зомбылыққа қатысты жұмысты күшейту керектігін айтты.
- Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық олардың қоғам өміріне толыққанды қатысуы мен отбасы институтына теріс әсер етеді. Бұл мәселенің шешімін тек мемлекеттік орган және үкіметтік емес ұйымдардың біріккен күші аясында табуға болады. Бұл жерде негізгі рөлді 1999 жылы құрылған Ішкі істер министрлігінің әйелдер мен балаларды зорлық-зомблықтан қорғау бөлімшесі атқарады, - деді Тоқаев.
Еске сала кетейік, бүгін Президенттің қатысуымен Ұлттық Кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр.