Танымал тұлға жас актрисаны зорлады деп айыпталды
2021 ж. 25 ақпан
1191
0
Француз прокуратурасы актер Жерар Депардьеге адам зорлау және сексуалдық зомбылық бойынша айып тақты. Мәліметке қарағанда, 2018 жылы ол үйіне екі рет келген 20 жастағы актрисаны зорлаған. Актер өзіне тағылған айыптарды мойындамайды, деп жазады centralasian.org.
Француз медиасы хабарлағандай, бұл оқиғалар 2018 жылы тамыз айында актердың Париждегі үйінде болған. 20 жастағы актриса – Депардьенің досының қызы. Бұл оқиға бойынша іс 2019 жылы істің жағдайларын зерттеуге мүмкін болмағандықтан жабылған. Бірақ қыздың адвокатының шағымынан кейін іс қайта қозғалды.
Депардье — әлемге танымал француз актерларының бірі. 50 жылдан астам карьерасында ол 200-ден астам фильмге және сериалдарға түсіп, театрда ойнаған.
2005 жылы ол өзін суретке түсіргісі келген тілшіні ұрып тастаған. 2011 жылы Парижден Дублинге бара жатқанда орындықтардың ортасында дәрет сындырғаны үшін ұшақтан түсірілген.
Соңғы жылы Францияның салық қызметімен болған жанжалдан кейін Ресей азаматтығын алған.