Президент өрттен қаза болған бес балалардың ата-анасына көңіл айтты
2021 ж. 20 ақпан
699
0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында болған өрт салдарынан балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғыларын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-аналары мен туыстарына жұбату лебізін білдірді.
Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-аналарына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.
Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді» , - деп жазды Берік Уәли.